О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 137 қаулысын іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы №137 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Белгіленген оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы саны 40 отбасы, Булаев қаласы мен селолық округтер бойынша 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мағжан Жұмабаев ауданының Ішкі істер бөліміне мыналарды қамтамасыз ету ұсынылсын (келісімі бойынша):
келген оралмандарды қабылдау, тіркеу және есепке алу.
Тармақ 4
4. Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қамтамасыз етсін:
оралмандардың әлеуметтік мәселелері мен жұмысқа орналастыруды шешу жөнінде селолық округтер мен Булаев қаласы жергілікті атқарушы органдарымен өзара қызмет етуді;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жаңа кәсіби мамандыққа оралмандарды кәсіби даярлау және оқытуды ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі:
оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдансын және қажет болған жағдайда оларды аудан интернаттарына орналастырсын;
оралмандардың балаларын бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жұмысын тұрақты жүргізсін.
Тармақ 6
6. Аудандық емханаға мыналарды қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша):
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келген оралмандардың медициналық тегін көмекті кепілді мөлшерде алуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Булаев қаласы мен селолық округ әкімдері:
оралмандарды қабылдау және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырылған орындарда олардың бейімделуіне жағдай жасасын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Калиев Рахимтай Еслямұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми басылған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгілізеді.
Келісілді:
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Ж.Мұқатанов
18.06.2008 ж.
Аудандық емхананың
бас дәрігері
Г.Сағандықова
18.06.2008 ж.
Басқа 10. 2008 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша Оралмандар отбасын бөлу
Мағжан Жұмабаев аудан әкімдігінің
2008ж «18» маусым № 291
қаулысына № 1 қосымша
«Оралмандардың 2008 жылға арналған
көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы
30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп
келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
15 ақпандағы № 137 қаулысын іске
асыру туралы
2008 жылы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша Оралмандар отбасын бөлу
№
Селолық округтер
Көшіп келу квотасы
1
Александровка
5
2
Бастомар
5
3
Молодеж
7
4
Надежка
2
5
Писарев
4
6
Советский
2
7
Ұзұнкөл
1
8
Успенска
5
9
Булаев қ.
9
Барлығы
40
Басқа 11. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Мағжан Жұмабаев аудан әкімдігінің
2008ж «18» маусым № 291
қаулысына № 2 қосымша
«Оралмандардың 2008 жылға арналған
көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы
30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп
келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
15 ақпандағы № 137 қаулысын іске
асыру туралы
Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Калиев Рахимтай Еслямүлы - Мағжан Жұмабаев аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Мұқатанов Жұмажан Қайрбекұлы - Мағжан Жұмабаев ауданының Ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)
Доровик Светлана Сергеевна - Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Сағындықова Гүлбану Толегенқызы - аудандық емхананың бас дәрігері (келісімі бойынша)
Шаканова Айман Мухамеджанқызы - Мағжан Жұмабаев ауданының білім беру бөлімінің бастығы
Сағдеев Манарбек Жексенбайұлы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» аудандық бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша)
Құсайынов Жұмаш Құсайынұлы - Александров селолық округінің әкімі
Жанғазин Төлеуғали Орынбайұлы - Бастомар селолық округінің әкімі
Әбілмәжінов Төлеген Әлжанұлы - Молодежный селолық округінің әкімі
Деменский Николай Николаевич - Надежка селолық округінің әкімі
Исенов Серік Сағынтайұлы - Писарев селолық округінің әкімі
Сиралинов Алмас Уалиұлы - Совет селолық округінің әкімі
Краснов Гриигори Иванович - Ұзынкөл селолық округінің әкімі
Салықов Серғазы Сүлейменұлы - Успенка селолық округінің әкімі
Фиц Владимир Арнольдович - Булаево қаласының әкімі