О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года №137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 Қаулысын іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
31-бабы 2- тармағына, «Тұрғындардың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-3 бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 Қаулысын, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 73 қаулысын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасының 15 отбасы Жамбыл ауданы бойынша 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық штабтың (ілгеріде аудандық штаб) құрамы 2 қосымшаға сөйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы (келісім бойынша) келген оралмандарды тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қамтамасыз етсін:
оралмандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
оралмандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жаңа кәсіби мамандыққа оқыту;
оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмнек көрсету.
Тармақ 5
5. Ауданның білім бөліміне:
оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдасын және қажет болған жағдайда оларды аудан интернаттарына орналастырсын;
оралмандардың балаларын бастауыш және орта көсіптік білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жұмысын тұрақты етсін.
Тармақ 6
6. Благовещенка және Преснов селолық округтерінің әкімдеріне:
оралмандарды қабылдау және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырылған орындарда олардың беймделуіне жағдай жасасын;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмыска орналастыру , біліктіліктерін арттыру және жаңа мамандықты игеру, жер учаскелерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетсін;
мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде орын қажет еткендерді орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
оралмандардың балаларына қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтармен және басқа да көрнекті құралдармен, материалдармен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін;
осы қаулының орындалуы жөніндегі ақпаратты аудандық штабқа 2009 жылдың 10 қаңтарына берсін.
Тармақ 8
8. Аудандық штаб оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері жөнінде селолық округ әкімдерінің, аудандық ұйым басшыларының есебін кезең-кезеңмен тыңдасын.
Тармақ 9
9. Ауданның ішкі саясат бөлімі аудан жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 маусымдағы № 209 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 Жарлығын жүзеге асыру туралы «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квтоасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 192 қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2005 жылғы 5 тамыз 13-7-10, аудандық «Ауыл арайы - Сельская новь» газеті 2005 жылғы 14 қазанда № 45 жарияланған, маусымдағы 21 қазан № 46), «Жамбыл ауданының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 209 қаулысына өзгертулер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1508 Жарлығын жүзеге асыру туралы «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» 2006 жылғы 27 наурыздағы № 45 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 Жарлығын жүзеге асыру туралы «2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 192 қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 14 сәуір 13-7-31, аудандық «Ауыл -Сельская новь» газетінде 2006 жылғы 28 сәуірде № 45 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулы бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
Жамбыл ауданының Әділет
басқармасының бастығы
Д.Аюпов
28.05.2008 ж.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығының Жамбыл аудандық
бөлімшесінің бастығы
О.Гайдук
28.05.2008 ж.
Жамбыл аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
А.Құтұшев
28.05.2008 ж.
Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі
көші-қон полиция тобының
аға инспекторы
Қ.Нұртазин
28.05.2008 ж.
Басқа 12. 2008 жылға Жамбыл ауданы бойынша оралмандар отбасын БӨЛУ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«28» мамырдағы №203
қаулысына 1 қосымша
2008 жылға Жамбыл ауданы бойынша оралмандар отбасын БӨЛУ
№ пп
Селолық округ атаулары
Көшіп келу квотасы
1
Благовещенка
7
2
Пресновка
15
Барлығы
Басқа 13. Оралмандарды жайластыру және қабылдау бойынша аудандық штаб құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«28» мамырдағы № 203
қаулысына 2 қосымша
Оралмандарды жайластыру және қабылдау бойынша аудандық штаб құрамы
Сарбасов Алғиса Қазманұлы - аудан әкімінің орынбасары, штаб төрағасы;
Нұртазин Қайырбай Мағазұлы - Жамбыл аудандық ішкі істері бөлімінің көші-қон тобының аға инспекторы, штаб төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Асайынов Руслан Бижанұлы - бас маман - аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, штаб хатшысы.
Аюпов Дулат Айткешұлы - Жамбыл аудандық әділет Басқармасының бастығы (келісім бойынша);
Бекпаева Құралай Жәкенқызы - «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Гайдук Ольга Михайловна - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жамбыл аудандық бөлімшесінің бастығы (келісу бойынша);
Құтұшев Арман Ермағамбетұлы - «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Моисеенко Александр Иванович - «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Мустафин Әсет Мәлікұлы - аудандық «Ауыл арайы - Сельская новь» газетінің бас редакторы;
Рамазанов Балтабай Темиртасович - «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттіке мекемесінің бастығы;
Төлегенов Сапар Бәриұлы - «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік меқемесінің бастығы.