О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года №506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын және «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 Қаулысын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 2 тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 Қаулысы мен «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 73 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасының саны 40 отбасы Тайынша ауданы бойынша 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық штаб құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Тайынша ауданыңың ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы бөліміне (келісім бойынша) келген оралмандарды қабылдау және жайғастыру, тіркеу және есепке алуды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) оралмандардың әлеуметтік мәселелері мен жұмысқа орналастыруды шешу жөнінде жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекет етуді;
Тармақша 2
2) жаңа кәсіби мамандыққа оралмандарды кәсіби даярлау және оқытуды ұйымдастыру.
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімі:
Тармақша 1
1) оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдансын және қажет болған жағдайда олар аудан интернаттарына орналастырылсын;
Тармақша 2
2) оралмандардың балаларын бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жұмысын тұрақты жүргізсін.
Тармақ 6
6. Аудандық орталық ауруханасы мен емханасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес келген оралмандардың медициналық тегін көмекті кепілді мөлшерде алуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қала мен селолық округтар әкімдеріне:
Тармақша 1
1) оралмандарды қабылдауды және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырған орындарда олардың бейімделуіне жағдай жасасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру және жаңа кәсіпті игеру, жер учаскелерін беру мәселелерін қатаң бақылауға алсын:
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мекемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 4
4) мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда және әлеуметтік қорғау мекемелерінде орын қажет еткендерді орналастыру жөнінде шаралар қабылдансын;
Тармақша 5
5) оралмандардың балаларына қазақ және орыс тілдерін оқуға барлық қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтар және басқа да көрнекті құралдармен, материалдармен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) осы қаулының орындалуы туралы аудандық штабқа 2009 жылдың 15 қаңтарына ақпарат берілсін;
Тармақ 8
8. Аудандық штаб қала мен селолық округтар әкімдерінің, аудандық ұйымдар басшыларының оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері бойынша есебін кезең-кезеңмен тыңдасын.
Тармақ 9
9. Ішкі саясат бөлімі облыс жұртшылығын оралмандардың қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жүйелі түрде хабар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Тайынша ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы бөліміне (келісім бойынша) 2009 жылдың 20 қаңтарына аудан әкімі аппаратына осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 23. Оралмандар отбасыларын 2008 жылға Тайынша ауданы бойынша бөлу
Тайынша ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «08» шілде № 307 қаулысына қосымша Оралмандар отбасыларын 2008 жылға Тайынша ауданы бойынша бөлу № Селолық округтың атауы Көшіп келу квотасы 1 Абай 2 2 Алабота 2 3 Амандық 4 4 Кантемір 2 5 Келлер 4 6 Теңдік 1 7 Тихоокеан 1 8 Чермошнян 3 9 Чкалов 7 10 Тайынша қ. 14 Карлығы 40
Басқа 24. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық штабтың құрамы
Тайынша ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «08» шілде № 307 қаулысына қосымша Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық штабтың құрамы Дүйсенова Анархан Қалиқызы - штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Солунина Юлия Игоревна - штаб төрағасының орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ыбыраева Салтанат Дүйсембайқызы - штаб хатшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ахмедьярова Светлана Адиетқызы - аудандық білім бөлімінің бастығы Базарбаев Бауыржан Ғалымжанұлы - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бастығы Байқадамов Хайр Фахридинұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Бурковский Николай Антонович - жер қатынастары бөлімінің бастығы Горецкая Нина Васильевна - «Тайыншинский вести» газеті редакциясының бөлім меңгерушісі (келісімі бойынша) Ермұханова Алма Серікқызы - Тайынша ауданы әділет басқармасының бас маманы (келісімі бойынша) Еслямова Күлпаш Қалиқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы Есімов Мұрат Әкімбекұлы - көші-кон полициясы бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша) Жақыпова Бахыт Әкімбайқызы - 15-ші Тайынша кәсіптік лицейдің директоры (келісімі бойынша) Қайырбеков Данияр Болатұлы - «Тайынша ауданы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Тайынша филиалының басқарушысы (келісімі бойынша) Нұралина Гүл Жәмешқызы - «Тайынша таңы» аудандық газетінің редакторы (келісімі бойынша) Овчаренко Владимир Алексеевич - «Көкшетау-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тайынша аудандық энерго жүйесі филиалының директоры (келісімі бойынша) Омаров Талғат Мақашүлы - пошта байланысы аудандық торабының бастығы (келісімі бойынша) Собольфельд Тамара Владимировна - зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы аудандық бөлімшесінің директоры (келісімі бойынша) Телутай Қанат Мағжанұлы - «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (келісімі бойынша) Төлебаев Сәкен Әлімұлы - Халық банкі Тайынша филиалының басқарушысы (келісімі бойынша) Трифонов Николай Николаевич - Тайынша қаласының әкімі Шакіров Мұрат Айтмағамбетұлы - «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік санэпидемиологиялық қадағалау» мемлекеттік мекемесінің Тайынша ауданы бойынша басқармасының бастығы (келісімі бойынша) Шаримова Теңдік Қазиқызы - Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Тайынша аудандық емханасының бас дәрігері (келісімі бойынша) Ягин Илья Михайлович - Телекоммуникация бірлескен торабының директоры (келісімі бойынша)