О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 января 2008 года N 27 "Об утверждении перечней клинических специальностей подготовки в интернатуре и резидентуре" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 22-бабының 3–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 5134 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, N 3, 311-құжат ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 27 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрыққа "Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі" деген 2-қосымшада: 15-тармақта "Неврология" деген сөз "Невропатология" деген сөзбен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: " 16. Психиатрия 16.1. Балалар психиатриясы"; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18. Сәулелі диагностика 18.1. Сәулелі терапия"; 24- тармақ алынып тасталсын ; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "26. Жалпы хирургия 26.1. Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы 26.2. Ангиохирургия, соның ішінде балалар ангиохирургиясы 26.3. Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы 26.4. Жақсүйек – бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақсүйек – бет хирургиясы 26.5. Пластикалық хирургия 26.6. Балалар хирургиясы"; 37-тармақ ", соның ішінде балалар" деген сөздермен толықтырылсын; 38, 41, 42, 43, 44-тармақтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: "46. Авиациялық және ғарыш медицинасы 47. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік–құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.