О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 9-19-62, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жізеге асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 6 наурыздағы № 9-19-69 тіркелген, «Нұрлы жол» ) 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын; 3 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті ата-ана (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күнінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады»; 8 тармақтың 3) тармақшасы «бала жасынан мүгедек болған балалар», деген сөздерден кейін «және жетімдер» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесінде: 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәклетті органның (ата-анасын, ұл (қыз) асырап алушысын, қорғаншысын, қамқоршысын және қорғаншысын) жұмыссыз есебінде тіркеу туралы анықтамасы»; көрсетілген қаулымен бекітілген қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесінде: 2 тармақта «тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама» алынып тасталсын; 1 тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған азаматтарға, үйде қызмет көрсетілетін жалғыз тұратын қарт азаматтарға азық-түлік корзинасы мөлшерінің ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (584 теңге) көлемінде өсуіне байланысты, 2008 жылға арналған қосымша әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.