О внесении изменений в постановление акимата от 30 января 2008 года № 34 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 14 декабря 2007 года № 30 «О районном бюджете Узункольского района на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 25 желтоқсандағы 9-19-62, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №34 қаулысына Ұзынкөл аудандық әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 6 наурыздағы № 9-19-69 тіркелген, «Нұрлы жол» 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын; «біржолғы әлеуметтік көмек жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары және кәсіптік орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға, толық емес отбасылардың, табысы төмен отбасыларының (ең төменгі күнкөріс деңгейі) балаларына осы жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының нақты оқу бағасына сәйкес бөлінген жергілікті бюджет қаржысынан көрсетіледі».
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 30 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қыркүйектегі № 192 қаулысы Ұзынкөл ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.