О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде: «Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде: реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын; реттік нөмірлері 6, 15, 23, 24, 29, 30-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 6. «Вол­ков­гео­ло­гия» АҚ ак­ци­я­лар па­кетiнiң 90% 15. «Қы­зы­л­ту» ЖШС қа­ты­су үлесiнiң 76% 23. «Та­у­кент - Энер­го­сер­вис» ЖШС қа­ты­су үлесiнiң 100% 24. «Ши­елi - Энер­го­сер­вис» ЖШС қа­ты­су үлесiнiң 100% 29. «Өс­ке­мен СЭС» АҚ ак­ци­я­лар па­кетiнiң 90% 30. «Шүлбi СЭС» АҚ ак­ци­я­лар па­кетiнiң 92,14% »; реттік нөмірі 56-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 69, 70-жолдармен толықтырылсын: « 69. «Ази­я­лық Газ­құ­бы­ры» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 50 % 70. «Ази­я­лық Газ­құ­бы­ры – Қор­ғас» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 100 % »; «Магистралдық мұнай құбырлары» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-жолмен толықтырылсын: « 19. «Кең­қи­яқ-Құм­көл» мұ­най құ­бы­ры »; «Магистралдық газ құбырлары» деген бөлімде: реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 9. «Бұ­ха­ра газ­та­сы­мал­да­у­шы ауда­ны – Таш­кент – Бiш­кек – Ал­ма­ты» газ құ­бы­ры »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын: « 14. «Қа­зақ­стан – Қы­тай» газ құ­бы­ры »; «Су шаруашылығы құрылыстары» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын: « 4. Сыр­да­рия өзе­нін­де­гі тас­қын су­ға қар­сы Көк­са­рай контр­рет­те­гі­ші »; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде: «Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28-жолдармен толықтырылсын: « 13. «Қа­з­ақ­те­ле­ком» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 39,93% 14. «Степ­но­гор тау-кен-хи­ми­я­лық ком­би­на­ты» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 100% 15. «Бет­пақ Да­ла» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 70 % 16. «АП­ПАҚ» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 35% 17. «Қа­ра­тау» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 50% 18. «Ин­кай» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 60% 19. «Кат­ко» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 51% 20. «Қы­зыл­құм» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 70% 21. «За­реч­ное» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» Қа­зақ­стан-Ре­сей ком­па­ни­я­сы» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 50,34% 22. «Бай­кен – U» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 95% 23. «Қы­зы­л­ту» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 24% 24. «Атом стан­ци­я­ла­ры» Қа­зақ­стан-Ре­сей ком­па­ни­я­сы» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 50% 25. «Ақ­ба­стау» бір­лес­кен кә­сі­пор­ны» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 50% 26. «Мұ­най­Тас» Сол­тү­стік-Ба­тыс құ­бы­р­жол ком­па­ни­я­сы» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 49% 27. «Аза­мат­тық авиа­ция ака­де­ми­я­сы» АҚ ак­ци­я­лар па­ке­ті­нің 10% 28. «Ази­я­лық Газ­құ­бы­ры» ЖШС қа­ты­су үле­сі­нің 50% ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.