О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында: «Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 5-бөлімде: ескертпелер мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: «8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.»; «Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 8-бөлім: мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын: «33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.