О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2008 года № 9-54 «Об утверждении схемы зонирования земель поселка Карабулак» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ескелді аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» № 9-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ескелді аудандық мәслихатының «Қарабұлақ кентінің жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 9-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-9-53 тіркелген, 2008 жылдың 21 наурызында «Жетісу шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің атауында, 1-тармағында және қосымшасында «кентінің» сөздері «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Сопаков Маулен Берликовичке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.