О внесении изменений в постановление акимата района от 30 марта 2009 года № 05/01 "О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 05/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы "2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-14-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырдағы N 19 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 05/01 қаулысының қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамынан аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері Гизатуллина Лилия Фанауиовна шығарылсын;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясының құрамына Әбішева Жанар Әшірбайқызы - аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша) енгізілсін;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Нұра ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Г.Қ. Досполова_____________ 04.09.2009 жыл Аудандық медициналық бірлестігінің директоры __________ Б.О. Еспаев 04.09.2009 жыл Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш. Жолболдин___________ 04.09.2009 жыл Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.И. Әпеков___________ 04.09.2009 жыл