О внесении изменений в решение областного маслихата от 30 января 2009 года № 12/147 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2009 год по Мангистауской области" Қолданыста
Басқа 0
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақылар ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 12/147 шешіміне өзгерістер туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің
495-бабына
және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы
5-тармағына
сәйкес облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2009 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 12/147
шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2042 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 28 ақпандағы № 35 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына:
2-тармақтың кестесі жаңа редакцияда жазылсын:
Рет
№
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
1.
Көмірсутектер
44,6
2.
Көміртегі тотықтары
14,6
3.
Метан
0,8
4.
Күкірт диоксиды
200
5.
Азот диоксиды
200
6.
Күл
240
7.
Күкіртті сутегі
1240
8.
Меркаптан
199320
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Облыстық табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы
М. Жүнбасов
«10» 04. 2009 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жайық-Каспий экология департаменті
облыстық филиалының бастығы
Ы. Ноғаев
«10» 04. 2009 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы бойынша
Салық департаментінің бастығы
А. Теңгебаев
«10»04. 2009 ж.