О внесении изменений в решение акима Петровского сельского округа от 30 июня 2009 года № 8 "О переименовании улиц села Белое озеро" Қолданыста
Басқа 0
Петровка селолық округі әкімінің 2009 жылдың 30 маусымындағы № 8 "Белое озеро селосының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27, 28 баптарына сәйкес Петровка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Петровка селолық округі әкімінің 2009 жылдың 30 маусымындағы № 8 «Белое озеро селосының көшелерін қайта атау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-75 тіркелген, аудандық «Өрлеу» газетінің 2009 жылдың 25 шілдедегі № 29 санында, аудандық «Вести» газетінің 2009 жылдың 25 шілдедегі № 29 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
кіріспедегі «4 тармақшасына» сөзі «4) тармақшасына» сөзіне өзгертілсін;
кіріспенің мәтінінде мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық» сөздері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық» сөздеріне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа кіреді.