О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2010 года № 1456 «Об утверждении Правил предоставления права недропользования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2010 года № 1456 «Об утверждении Правил предоставления права недропользования»
- Атауы (қаз.)
- «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 11.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2018 101059_345060.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000202
- ЭКБ идентификаторы
- 101059
- Редакция идентификаторы
- 101059_345060
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:40
0 «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:
14-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) жергілікті қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс ең төмен мөлшері;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиіс;»;
15-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) жергiлiктi қамтудың елу пайыздан аспауға тиіс мөлшері;»;
27-тармақтың 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;»;
54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес барлау және (немесе) өндіру».