О внесении дополнения в решение городского маслихата от 30 июля 2010 года № 32/259 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш и административно-территориально прилегающих поселков" Қолданыста
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 30 шілдедегі "Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32/259 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 30 шілдедегі Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32/259 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-194 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 116 "Балқаш өңірі" газетінде, 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 111 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "іргелес кенттердің" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок и размер предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 3 тармағында "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 3 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
"КЕЛІСІЛДІ"
24.12.2010 ж.
24.12.2010 ж.
24.12.2010 ж.