О внесении дополнения в постановление акимата от 30 декабря 2011 года № 371 "Об определении целевых групп населения, проживающих на административной территории Алтынсаринского района на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 371 "2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 371 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-5-137 тіркелген, 2012 жылғы 2 ақпанда "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы: келесі мазмұндағы 18 тармағымен толықтырылсын: "18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.