О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 383 «Об утверждении Правил назначения и размера выплаты пособия опекунам или попечителям на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 524-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларында және оны төлеу мөлшерінде: 6-тармақтың 3) және 7) тармақшалары алып тасталсын; 9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Орган қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады және тіркеу журналында белгілейді. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мән-жайлар қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.