О внесении изменений в решение акима Казахстанского аульного округа Таскалинского района от 30 апреля 2013 года № 4 "Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории населенных пунктов Атамекен, Молочная, Калмак шабын, Аяк, Кисык сай Казахстанского аульного округа Таскалинского района" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендерде аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Тасқала ауданының Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қысық сай елді мекендерде аумақтарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3292 тіркелген, 2013 жылғы 31 мамырда "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы"; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінің Атамекен, Молочная, Қалмақ шабын, Аяқ, Қисық сай елді мекендері аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.