О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген, газетінің 2014 жылғы 8 наурыздағы «Казахстанская правда» № 47 (27668) газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды темір жол өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органның лауазымды тұлғасы поезд бастығын және теміржол станциясы бойынша кезекшіні, кейіннен поезд бастығына кідіріс актісінің берілуімен, кідірістің себептері мен болжанатын ұзақтығы туралы хабардар етеді, сондай-ақ поездық бригадалар қызметкерлерінің тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда рейстік журналға тиісті жазба жазады.»;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А. Ділмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2019 жылғы «___» ______ КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2019 жылғы «___» _____