О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 195 «Об утверждении Правил разработки и утверждения переутверждения) бюджетных программ (подпрограмм) и требований к их содержанию» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10176 тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға: 9-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.»; 15-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы ____________ Р. Бекетаев 2015 жылғы 17 сәуір