Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 383/52 · қабылданған 30.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-25935/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 383/52 ·30.05.2019
03.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 383/52 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383/52
Қабылданған күні
30.05.2019
Көрсетілген редакция
03.11.2020 132257_490904.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PA006403
ЭКБ идентификаторы
132257
Редакция идентификаторы
132257_490904
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:43

0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі

«Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы»

№ 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Звезда Прииртышья» газетінде, 2014 жылғы 9 мамырда «Шаһар» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың он бірінші абзацындағы «150 000 (жүз елу мың) теңге» деген сандар мен сөздер «500 000 (бес жүз мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың он бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары (біреуі) мен жесірлері 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде»;
1-тармақтың он алтыншы абзацындағы «10 АЕК» деген сандар мен сөздер «50 000 (елу мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
_____________ Б. Бақауов
2019 жылғы «30» мамыр

Қолданыстағы