Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере взрывчатых и пиротехнических (за исключением гражданских) веществ и изделий с их применением и о внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 350 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на производство взрывных работ» Қолданыста
Басқа 0
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы және «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелген, 2015 жылғы
27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабы 17) тармақшасына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 1. «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2020 жылғы
2020 жылғы 27 сәуірі № 234
бұйрығына 1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияға қызметтің келесі кіші түрлері кіреді:
Тармақша 1
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
Тармақша 3
3) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
Тармақша 4
4) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
Тармақша 5
5) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
Тармақ 6
6. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
Тармақша 3
3) рұқсат беру бақылауы – рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған рұқсат беру органдарының қызметі, сондай-ақ лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын олар берілгеннен кейін сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) біліктілік талаптары – өтініш беруші мен лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының бүкіл кезеңі ішінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;
Тармақша 5
5) жарылғыш зат – белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
Тармақша 6
6) жарылғыш зат негізіндегі бұйым – өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы;
Тармақша 7
7) пиротехникалық бұйым – пиротехникалық құрамның жануын (жарылысын) қолдана отырып, қажетті әсер алуға арналған бұйым. Пиротехникалық құрамдардың қасиеттеріне және олардың химиялық түрленуі кезінде өтетін процестердің сипатына байланысты пиротехникалық бұйымдар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар тағайындалуы бойынша тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға және техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарға бөлінеді. Пиротехникалық бұйымдар сақтау процесінде техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану кезінде энергия шығынын жүргізуді талап етпейді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 7
7. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше
жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Тармақша 1
1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
📌 Ескерту. 1) тармақшасының үшінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер нысаны мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары);
Тармақша 2
2) лицензияға қосымша алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
біліктілік талаптарына толтырылған мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
📌 Ескерту. 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
📌 Ескерту. 4) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
біліктілік талаптарына мәліметтердің толтырылған нысаны.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі келесіні құрайды:
Тармақша 1
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
Тармақша 2
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап:
Тармақша 1
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды;
ұсынылған құжаттардың мәліметтері толық және дәйекті болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алу үшін портал арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық департамент) сұрау салуды жолдайды;
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 51-бабына сәйкес, аумақтық департамент 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық пиротехникалық заттарды қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, немесе осы Қағидаларға 8 –қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап құрастырады.
Тармақша 2
2) қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) дәйексіздік фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді;
ұсынылған құжаттардың мәліметтері толық және шынайы болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6 және (немесе) 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді.
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде беру осы Қағидалардың 9-тармағының
1) тармақшасына сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 және 34-баптарында айқындалған.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 5-қосымшада көрсетілген.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемдер туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 9-1
9-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
📌 Ескерту. 12-тармағы бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Ескерту. 12-тармағы екінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 14
14. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 16
16. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1.1
«Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар мен
оларды қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан
____________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Сізден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын _______________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)
Заңды тұлғаның мекенжайы___________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________________________
Телефондары________________________________________________________________________
Факс _______________________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.
Осымен мен ұсынатын (толтырған) ақпараттың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.
___________________________
Басшы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 1.2
«Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар мен
оларды қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
нысан
____________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Сізден лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын ________________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________________________
Банктік шоты _________________________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы _______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.
___________________________
Жеке тұлға
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 1.3
«Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар мен
оларды қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
_____________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)
20__ жылғы «____» ______ № ___ берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
мынадай негіз (дер) бойынша: _______________________________________________________________
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес:
бірігу _________________________________________________________________
қайта құру _____________________________________________________________
қосылу ________________________________________________________________
бөліп шығару___________________________________________________________
бөліну ___________________________________ жолымен қайта ұйымдастырылуы;
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі__________________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ______________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы __________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______________________________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ______________________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ______________________________________________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ___________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________________
Банктік шоты _______________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ______________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.
___________________________
Басшы
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 1-4
«Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар мен
оларды қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(-лері)інің толық атауы көрсетiлсiн)
20__ жылғы «____» ______ № ___ берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
мынадай негіз (дер) бойынша: ____________________________________________________________
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген
лицензиардың атауы)
1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, тегі, әкесінің атының (бар болған жағдайда)
өзгеруі ________________________________________________________________________________
2) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының
өзгеруі ________________________________________________________________________________
3) жеке кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының
өзгеруі ________________________________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____________________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ______________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ___________________________________________________________________________________
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________________________________________________________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _______________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________________________
Банктік шоты _______________________________________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ______________________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіні расталады.
___________________________
Жеке тұлға
___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 4
«Жарылғыш және
пиротехникалық (азаматтықты
қоспағанда) заттар мен олар
қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру,
сатып алу, өткізу, сақтау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру»
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
5-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал)
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 10 (он) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру немесе дәлелді бас тарту
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 22 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% (пайызын) құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
7
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) лицензия алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14742 болып тіркелген) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мәліметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік талаптарына мәліметтер нысаны.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
3) лицензиялық алым енгізілмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
5) көрсетілетін қызметті беруші келісуші аумақтық департаменттен көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес еместігі туралы жауап алды;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы – борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz. порталында.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: «1414», +7 (800) 080 7777.
Басқа 2
«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидаларына
6-қосымша
нысан
ЛИЦЕНЗИЯ
Берiлген күнi: […] жыл
Лицензияның нөмiрі: […]
Берілді
[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес – сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Айналысуға
[…]
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
Ерекше шарттары
[…]
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту
[…]
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар
[…]
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға)
[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Алғашқы берілген күні
[…]
Лицензияның қолданылу кезеңі
[…]
Берілген жер
Нұр-Сұлтан қаласы
Басқа 3
«Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидаларына
7-қосымша
нысан
ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША
Лицензияның нөмiрі: […]
Лицензияның берiлген күнi: […] жыл
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші қызметтері:
[…]
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы»)
Лицензиат
[…]
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өндiрiстік база
[…]
(орналасқан жерi)
Лицензияның
қолданылуының
ерекше шарттары
[…]
(«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар
[…]
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға)
[…]
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қосымшаның нөмірі
[…]
Қолданылу мерзiмi
[…]
Қосымшаның берілген күні
[…]
Берілген орны
Нұр-Сұлтан қаласы
Басқа 8
«Жарылғыш және пиротехникалық
(азаматтықты қоспағанда) заттар мен
оларды қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып
алу, өткізу, сақтау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
8-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
[Наименование государственного органа]
[Мемлекеттік органның деректемелері]
[Реквизиты государственного органа]
Күні: [Берілген күні]
[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]
Басқа 2. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы
«___» __________ № ___
бұйрығына
2-қосымша
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың күші жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың күші қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) рұқсат – лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;
Тармақша 3
3) жарылғыш зат – конденсацияланған химиялық зат немесе сыртқы әсерлердің әсерінен белгілі бір жағдайларда жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті осындай заттардың қоспасы;
Тармақша 4
4) жарылғыш заттың негізіндегі бұйым – қабықшаға немесе онсыз жасалған, өздігінен немесе басқа да жарылғыш заттармен бірге дайындалған күйінде пайдалануға арналған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы салмағы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше
жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Тармақша 2
2) дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
Тармақша 3
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтуға тиіс, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.»;
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсатты не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.
📌 Ескерту. 8-тармағының төртінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Тармақ 8-1
8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
📌 Ескерту. 11-тармағы бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026
дейін қолданылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157
бұйрығымен.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Ескерту. 11-тармағы бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 бұйрығымен.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 13
13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 15
15. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1
«Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
басшысына
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беруді сұрайды:_____________________________________________________________
(жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың атауы)
Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі_____________________________________________
Әзірлеуші ____________________________________________________________________________
Дайындаушы (дайындаушылар) _________________________________________________________
Оны (оларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ____________________________________________
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының
коды__________________________________________________________________________________
Көлік қауіптілігінің класы _______________________________________________________________
Көлік қауіптілігінің ішкі класы ___________________________________________________________
Үйлесімділік тобы _____________________________________________________________________
Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірі ________________________________________________
Жедел шаралар коды ____________________________________________________________________
Тағайындауы, аясы және қолдану шарттары ________________________________________________
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]
Басқа 5
«Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» Веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі – портал)
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
5 (бес) жұмыс күні
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі.
Сараптамалық қорытынды осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтиды, сондай-ақ оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Кеден одағының «Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz. порталында.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: «1414», +7 (800) 080 7777.
Басқа 2-3. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысының мазмұны
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша
Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысының мазмұны
Тармақ 1
1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы:
Тармақша 1
1) сараптама қорытындысының атауын;
Тармақша 2
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптамалық ұйым туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;
Тармақша 3
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
Тармақша 4
4) ұйым туралы деректерді;
Тармақша 5
5) сараптама мақсатын;
Тармақша 6
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған, оның ішінде бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктері, сәйкестендіруге қажетті шығарған зауыты мен елі, шифрі, нөмірі, маркасы немесе өзге ерекшелігін көрсете отырып, торылғыш заттар және бұйымдар туралы мәліметтерді;
Тармақша 7
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
Тармақша 8
8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
Тармақша 9
9) жүргізілген сараптама, жүргізілген сынау, оның ішінде жарылғыш заттардың оларды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздігін бағалауға қажетті көрсеткіштер бойынша нәтижелерін;
Тармақша 10
10) негізделген қорытындыларын, техникалық шешімдер мен шаралар бойынша ұсыныстарды, жарылыс заттарының және оның негізіндегі бұйымдардың атауын, жарылыс затын немесе оның негізіндегі бұйымды әзірлеуші мен жасаушы туралы мәліметтерді, олардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік нөмірі, берілген күні, куәлік берген органның атауы), жарылыс затының немесе оның негізіндегі бұйымның техникалық шарттарының (стандартының) нөмірлерін, Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодын, көлік қауіптілігінің санаты мен шағын санатын, сәйкестілік тобын, Біріккен ұлттар ұйымының сериялық нөмірін, шұғыл шаралар кодын, жарылыс заттарын немесе бұйымдарының белгіленуін, қолдану саласы мен шарттарын, қосымша талаптарды (қажет болған жағдайда);
Тармақша 11
11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілерді, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, жүргізілген бақылау және қабылдау сынақтардың актілерін, бақылау және қабылдау сынақтарының бағдарламалары мен әдістемеліктерін қамтитын қосымшаларды;
Тармақша 12
12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді.
Тармақ 2
2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптамалық қорытындыға жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
Басқа 4
«Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
[Наименование государственного органа]
[Мемлекеттік органның деректемелері]
[Реквизиты государственного органа]
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
[Заңды тұлғаның атауы]
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
Берілген күні: [Күні]
Жарылғыш заттың немесе бұйымның атауы ______________________
Техникалық шарттардың (стандарттың) нөмірі_____________________
Әзірлеуші:___________________________________________________
Дайындаушы (дайындаушылар):________________________________
Оны (оларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ___________________
(№ және берілген күні, куәлік берген органның атауы)
КО СЭҚ ТН коды______________________________________________
Рұқсат беру үшін негіздеме ____________________________________
Көлік қауіптілігінің сыныбы
Көлік қауіптілігінің ішкі сыныбы
Үйлесімділік тобы
БҰҰ сериялық нөмірі
Жедел шаралар коды (ЖШК)
[…]
[…]
[…]
[…]
[…]
Қолдану мақсаты, саласы және шарттары _____________________
Қосымша талаптар _________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы]
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]
Басқа 5
«Жарылғыш заттар мен олардың
негізінде жасалған бұйымдарды
тұрақты қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша
нысан
[Мемлекеттік органның атауы]
[Наименование государственного органа]
[Мемлекеттік органның деректемелері]
[Реквизиты государственного органа]
Күні: [Берілген күні]
[Заңды тұлғаның атауы]
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және [Сараптамалық қорытындының күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытындыны берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындысын қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]
Басқа 3. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы
«___» __________ № ___
бұйрығына
3-қосымша
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 17) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) рұқсат – лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;
Тармақша 3
3) жарылғыш зат – белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
Тармақша 4
4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым – өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) келесі құжаттарды жолдайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Тармақша 2
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, сынықтардың ұшу қашықтығын, соққы толқынының әсерін, жарылыс кезіндегі улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерін нақтылайтын есептері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;
Тармақша 3
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат;
жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат..
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс профилдері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады..
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз осы Қағидарларға 2-қосымшада көрсетілген.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылық ететін уәкілетті органның аймақтық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының
2) тармақшасына сәйкес:
уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісімен – ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 14
14. Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушісінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Тармақ 15
15. Көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 3-1. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған
өтініш
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
нысан
Заңды (жеке) тұлғаның деректемелері
(мекенжайы, ЖСН/БСН, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігінің
Индустриялық даму және өнеркәсіптік
қауіпсіздік комитетінің аумақтық (облыстар,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) департамент басшысына
___________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған
өтініш
____________________________________________ Сізден қарауды және
(ұйымның атауы)
___________________________________________________мақсатында
_____________ жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
(жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі,
берілген күні)
_____________________________________________________ жүктелді.
Жарылыс материалдарын сақтау орны______________________________
(атауы, орналасқан жері)
Осымен:
Тармақша 1
1) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.
___________________________
(ұйым басшысының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басқа 3-2
Жарылыс жұмыстарын
жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
5 (бес) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру не болмаса «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, кесектердің ұшуы бойынша қауіпсіз қашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезінде улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулері көрсетілген мәліметтері бар электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат ұсынылады;
жер асты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орны көрсетілген тау-кен жұмыстарының жоспары, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтер бар электрондық құжат ұсынылады.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс бейіндері мен қауіпті аймақты қорғау схемалары бар электрондық құжат ұсынылады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық түрде ұсынылмаған жағдайда;
2) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген) Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz порталында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.
Егер негізгі қызмет түрі лицензиялауға жатпайтын болса, онда жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін 3-тармақта көрсетілген лицензияның болуы жеткілікті.
1. Мұнай; газ; газ конденсаты және айдау ұңғымаларында атқылау-жару жұмыстары қызметінің кіші түрінің лицензиясына қосымша ұсыну - мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, көмірсутектер саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия; жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу - қызметтің кіші түріне арналған лицензияға қоса берілген тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса берілген жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған мына кіші қызмет түрлерін қосымша ұсыну:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
3. Қызметтің кіші түрлеріне арналған лицензияға қоса беріле отырып, жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік мұқтаждары үшін сатып алу;
2) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау.
Басқа 3-3
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]»
Нөмірі: [...]
ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ
РҰҚСАТ
Берілген:
[...]
(өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Кімге:
[…]
(ұйымның атауы)
[…]
(жарылыс жұмыстары жүргізілетін жердің атауы)
Мақсатында
[…]
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау жүктелді
[…]
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының нөмірі, берілген күні)
Жарылғыш материалдарды сақтау орны
[…]
(атауы, орналасуы)
Берілген күні:
[…] жыл
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі – берілген күнінен бастап 1 жыл.
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының ТАӘ]
Басқа 3-4
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
нысан
«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың] бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета индустриального развития и промышленной безопасности [областей, городов республиканского значения и столицы]»
Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан
Нөмірі: […]
Берілген күні: […] жыл
[Мекеме атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
«Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің [облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың] бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Күні] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] хатыңызды қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының ТАӘ]