О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2014 года № 428 «Об определении юридического лица по консультативному сопровождению концессионных проектов» и от 25 декабря 2015 года № 1057 «Об определении юридического лица по сопровождению республиканских проектов государственно-частного партнерства» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 және «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 428 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 277-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды қоспағанда, республикалық концессиялық жобаларды;
2) егер жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, жергілікті концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.»;
Тармақша 2
2) «Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1057 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлғаларды айқындау туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-4-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Kazakhstan Project Preparation Fund» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі денсаулық сақтау саласындағы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамы денсаулық сақтау саласындағы республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдау жөніндегі заңды тұлға болып айқындалсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және «Алматы қаласында 300 төсектік көпсалалы университеттік аурухананы салу және пайдалану» концессиялық жобасына қолданылмайды.