О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 апреля 2015 года № 115-638 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в городе Астане» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 50-бабының 1-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90623 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 маусымдағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулыда: атауындағы, барлық мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын; жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасында: атауындағы, барлық мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Лифтіні пайдаланғаны үшін төлем «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленеді».».
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі-нің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындауын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.