О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1279 «Об утверждении Методики оценки эффективности деятельности государственных органов по применению информационно-коммуникационных технологий» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ алып тасталсын;
5-қосымша кесте-2 3-баған 1.14-өрістің 2-тармақшасы 3 бөлігінде 3-бағанда келесі редакцияда жазылсын:
«- ҰОС қатысқандарды, мүгедектігі бар адамдарды, баллаларды әлеуметтік қорғау;»;
8-қосымшаның 1-баған 2-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау министрлігі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі»;
8-қосымшаның 1-баған 22-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі»;
8-қосымшаның 1-баған 51-өрісі келесі редакцияда жазылсын:
«Ғылым және жоғары білім министрлігі».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.