О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 19-1/277 «Об утверждении Правил разработки и утверждения генеральных и бассейновых схем комплексного использования и охраны водных ресурсов и водохозяйственных балансов» Күшін жойған
Басқа 0
«Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11524 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас жәнебассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекіту қағидаларында:
10-тармақ жаңа редацияда жазылсын:
«10. Бас СРКПҚС жобасын уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық қызмет, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өңірлік даму, жер ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсім бойынша әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
18-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 22 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 11 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 23 желтоқсан