О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 19/1-274 "Об утверждении Правил первичного учета вод" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11131 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Судың бастапқы есебінің қағидаларында: жоғары оң жақтағы бұрышындағы сөздер мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздығы № 19/1-274 бұйрығымен бекітілген»; Судың бастапқы есебінің қағидаларына 4-қосымшада кестенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________________ Ә. Исекешев 2016 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2016 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ Қ. Бозымбаев 2016 жылғы « »