О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 «Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі»; мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: «14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді. Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады. Есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-МТ нысан бойынша берiледi.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 қаңтары № 51 бұйрығына 1 - қосымша Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына 1-қосымша Нысан № Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң неме­се бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң неме­се бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның си­патта­ма­сы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ны орын­да­у­ға жа­у­ап­ты заң­ды тұл­ға­ның ата­уы 1 2 3 4 кестенің жалғасы Оның шең­берiн­де мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ны орын­дау ұсы­ны­ла­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ны орын­да­у­ға жос­пар­ла­на­тын жос­пар­лы ке­зең­ге бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның со­ма­сы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ның орын­да­лу мерзi­мi Мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма олар­ға қол жет­кізу­ге мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ді көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма ны­са­нын­да мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту және бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны iс­ке асы­ру қа­жет­ті­лі­гі­нің негіз­де­ме­сі және қи­сын­ды­лы­ғы мен ти­ім­ді­лі­гін рас­тау Ті­ке­лей және түп­кі­лік­ті нәти­же­лер көр­сет­кіш­те­рі, мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма­ның орын­да­лу са­па­сы­ның және ти­ім­ді­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рі __­жыл __­жыл __ жыл 5 6 7 8 9 10 11
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 қаңтары № 51 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына 2-қосымша 1-МТ нысан Индекс: 1-МТ нысан Мерзімділігі: жылдық Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: бюджеттік бағдарламалар әкімшісі_________________________________________________________ Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады Өлшем бірлігі: мың теңге № Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң неме­се бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тiң неме­се бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның си­патта­ма­сы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ны орын­да­у­ға жа­у­ап­ты заң­ды тұл­ға­ның ата­уы 1 2 3 4 кестенің жалғасы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма орын­дал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ны орын­да­у­ға жұм­сал­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның со­ма­сы Мем­ле­кет­тiк тап­сыр­ма­ның орын­да­лу мерзi­мi Орын­дал­ған мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма­лар­дың нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат 5 6 7 8 Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы______________________________ Мекенжайы _________________________________________________________ Телефон ____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы________________________________________ Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы______________________ __________________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/ мемлекеттiк мекеме басшысы ______ ________________ _________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бюджеттік бағдарлама басшысы ____ __________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бас бухгалтер/ қаржы-экономика бөлімінің бастығы ________ ________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Ескертпе: Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме: 1-бағанда нөмір «№» ретімен толтырылады; 2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі; 3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі; 4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі; 5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі; 6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі; 7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі; 8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.