О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 «Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйым, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымы, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, дербес кластерлік қор, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты ұйымы немесе «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігіҰлттық статистика бюросы
Басқа 1. Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге
немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 211 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге
немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс
№
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы
1
2
3
4
кестенің жалғасы
Оның шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы
__жыл
__жыл
__жыл
Жалпы сома, мың теңге
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі
Жалпы сома, мың теңге
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі
Жалпы сома, мың теңге
Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі)
Сомасы
мың теңге
%
Сомасы
мың теңге
%
Сомасы
мың теңге
%
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi
Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету және бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау
Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері
15
16
17
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 211 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
2-қосымша
1-МТ нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша
нәтижелер туралы есеп
_________________ жылға арналған
есепті кезең
Индекс: 1-МТ нысан
Мерзімділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
______________________________________________________________
Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті органға
Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады
Өлшем бірлігі: мың теңге
№
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы
1
2
3
4
кестенің жалғасы
Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы
Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы
Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi
Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат
5
6
7
8
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы
________________________________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________
Телефон _________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________________
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы
________________________________________________ ________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Орталық атқарушы органның аппарат басшысы /
мемлекеттiк мекеме басшысы __________ _________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бюджеттік бағдарлама басшысы _________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Бас бухгалтер/ қаржы-экономика
бөлімінің бастығы ________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ескертпе:
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:
1-бағанда нөмір «№» реті бойынша толтырылады;
2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;
6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;
7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;
8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.