О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 370 «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства национальной экономики Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11819 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларында: «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жедел Аумақтық статистика органдарында статистикалық зерттеулерді жедел жүзеге асыруға арналған арнайы автокөлік құралдары* Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаменті 18 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті 12 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаменті 20 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті 7 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті 19 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті 11 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті 13 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті 18 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті 20 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаменті 9 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаменті 6 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаменті 13 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті 13 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті 16 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі