О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям в городе Жанаозен" Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304
«Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 «Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2699 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырдағы № 20 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
7 тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М.Сарыев).
Тармақ 3
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Маркашова ___________________
«23» мамыр 2017 жыл