О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 30 июня 2015 года № 38/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 маусымдағы № 38/4 шешіміне (2015 жылғы 14 шілде «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы «2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.»; 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторийліқ-курорттық емдеу құны мөлшерінде бір рет көрсетіледі.»; 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен: 1) жеке басын куәландыратын құжатпен; 2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен; 3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.»; мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын: «16-2. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.»; Қағидалардың 1, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2 Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 57/2 шешіміне 1 қосымша Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларына 1-қосымша р/с № Ата­у­лы күн­дер, ме­ре­ке күн­де­рі­нің және әле­умет­тік кө­мек­ті алушы­лар са­нат­та­ры­ның ата­уы Әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­дің есе­лі­гі және мөл­ше­рі 15 ақ­пан – Ауған­стан Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы­нан Ке­ңес әс­кер­ле­рі­нің шек­те­улі кон­тин­ген­ті­нің шы­ға­ры­л­ған кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның үкi­мет­тік ор­ган­да­ры­ның ше­шiм­дерiне сәй­кес бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Теңiз Фло­ты­ның, Мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi, бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гiнiң бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры (әс­ке­ри ма­ман­дар мен ке­ңес­шiлер­дi қо­са ал­ған­да); оқу жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған және Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан кез­дең­де жi­берiл­ген әс­ке­ри мiн­дет­тiлер; Ауған­стан­ға ұрыс қи­мыл­да­ры жүрiп жа­тқан ке­зең­де осы ел­ге жүк жет­кi­зу үшiн жi­берiл­ген ав­то­мо­биль ба­та­льон­да­ры­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ау­ма­ғы­нан Ауған­стан­ға жа­уын­гер­лiк тап­сыр­ма­лар­мен ұш­қан ұшу құ­ра­мы­ның әс­ке­ри қыз­мет­шiлерi; Ауған­стан­да­ғы ке­ңе­стік әс­ке­ри кон­тин­гент­ке қыз­мет көр­сет­кен, жа­ра­қат, кон­ту­зия ал­ған неме­се мер­тіккен не ұрыс қи­мыл­да­рын қам­та­ма­сыз ету­ге қа­тыс­қа­ны үшiн бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ор­ден­дерi­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғын қор­ғау, әс­ке­ри қыз­мет­тiң өзге де мiн­дет­терiн бас­қа да ке­зең­дер­де ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан неме­се май­дан­да бо­луы­на бай­ла­ны­сты, сон­дай-ақ Ауған­стан­да неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа мем­ле­кет­тер­де әс­ке­ри қыз­ме­тін өт­ке­ру кезiн­де ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 3 Бас­қа ел­дер­де­гі май­дан­да­ғы әс­ке­ри кон­тин­гент­тер­ге қыз­мет көр­сет­кен және ұрыс қи­мыл­да­рын жүр­гi­зу ке­зеңiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі не ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған тиiстi са­нат­тар­да­ғы жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 4 Ауған­стан­да­ғы неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген бас­қа да мем­ле­кет­тер­де­гi ұрыс қи­мыл­да­ры кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі, ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан қа­за тап­қан (ха­бар-ошар­сыз кет­кен) неме­се қай­тыс болған әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 5 1979 жы­л­ғы 1 жел­тоқ­сан – 1989 жы­л­ғы жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Ауған­стан­ға және ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гі­зі­л­ген бас­қа да ел­дер­ге жұ­мысқа жi­берiл­ген жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­шiлер Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Мем­ле­кет­тік қа­уiп­сiздiк ко­ми­тетiнiң Ауған­стан ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша болған және ке­ңес әс­кер­лерiнiң шек­те­улі кон­тин­ген­ті­нің құ­ра­мы­на ен­бе­ген жұ­мыс­шы­ла­ры мен қыз­мет­шiлерi Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 7 Тә­жікс­тан-Ауған­стан учас­ке­сін­де Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығ­ы­ның ше­ка­ра­сын қор­ғауды кү­шей­ту жө­нін­де­гі мем­ле­ке­та­ра­лық шар­ттар мен ке­лі­сім­дер­ге сәй­кес мін­дет­те­рін орын­да­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 8 Ирак­та­ғы ха­лы­қа­ра­лық бі­тім­гер­ші­лік опе­ра­ци­я­ға бі­тім­гер­лер ре­т­ін­де қа­тыс­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 9 Та­у­лы Қа­ра­бах­та­ғы эт­но­са­ра­лық қақ­тығ­ы­сты рет­те­у­ге қа­тыс­қан әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы іш­кі іс­тер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 8 на­урыз – Ха­лы­қа­ра­лық әй­ел­дер кү­ні 1 «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, I және II дә­ре­же­лі «Ана Даң­қы» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Бір­ге тұ­ра­тын төрт және одан көп кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­сы, оның ішін­де кәме­лет­тік жас­қа толған­нан кей­ін бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын бі­ті­ре­тін уа­қыт­қа дей­ін (бі­рақ жиыр­ма үш жас­қа толған­ға дей­ін) ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша бі­лім ала­тын ба­ла­ла­ры бар кө­п­ба­ла­лы от­ба­сы­лар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 26 сәу­ір – Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­ты ес­ке алу кү­ні 1 1986-1987 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың, аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­тыс­қан, сон­дай-ақ яд­ро­лық сы­нақ­тар­ға тi­ке­лей қа­тыс­қан адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың, яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар және мү­ге­дек­ті­гі ата-ана­сы­ның бiрiнiң ра­ди­а­ци­я­лық сәу­ле алуы­мен ге­не­ти­ка­лық бай­ла­ны­сты олар­дың ба­ла­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 3 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың сал­дар­ла­рын жою кезiн­де қа­за тап­қан адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 4 Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың және аза­мат­тық неме­се әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы объ­ек­тiлер­де­гi бас­қа да ра­ди­а­ци­я­лық апат­тар мен ава­ри­я­лар­дың және яд­ро­лық сы­нақ­тар­дың сал­да­ры­нан сәу­ле ау­руы­на шал­ды­ғып қай­тыс болған­дар­дың неме­се қай­тыс болған мү­ге­дек­тер­дің, сон­дай-ақ қай­тыс бо­луы бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен со­лар­дың әсе­ріне бай­ла­ны­сты болған аза­мат­тар­дың от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 5 1988-1989 жыл­да­ры Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­дар­ла­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар қа­та­рын­да­ғы, қо­ныс ауда­ру кү­ні құр­сақ­та болған ба­ла­лар­ды қо­са ал­ған­да, оқ­ша­у­лау және кө­ші­ру ай­мақ­та­ры­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қо­ныс ауда­ры­л­ған (өз ер­кi­мен кет­кен) адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 7 ма­мыр – Отан қор­ғау­шы кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лi­гi­нің, iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның әс­ке­ри мiн­дет­тiлер жиын­да­ры­на ша­қы­ры­л­ған, қо­ғам­ға жат көрiнiстер­ге бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар кезiн­де қо­ғам­дық тәр­тiп­тi қор­ғау жөнiн­де­гi мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­шiле­рінiң, бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­рам адам­да­ры­ның от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Бей­бiт уа­қыт­та әс­ке­ри қыз­метiн өт­ке­ру кезiн­де қа­за тап­қан (қай­тыс болған) әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дiң от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 9 ма­мыр – Же­ңіс кү­ні 1 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­те­рі Жы­лы­на 1 (бір) рет 100 (жүз) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Май­дан­да­ғы ар­мия бөлiм­дерiнiң әс­ке­ри қыз­мет­шiлерiне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшiн бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­телiп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де қыз­мет өт­кер­ген әс­ке­ри қыз­мет­шiлер, сон­дай-ақ бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы iш­кi iстер және мем­ле­кет­тiк қа­уiп­сiздiк ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 3 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зе­ңін­де май­дан­да­ғы ар­мия құ­ра­мы­на кiр­ген әс­ке­ри бөлiм­дер­де, шта­б­тар­да, ме­ке­ме­лер­де штат­тық ла­у­а­зым­дар ат­қар­ған не сол ке­зең­дер­де май­дан­да­ғы ар­мия бө­лім­де­рі­нің әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­ріне қа­ла­лар­дың қор­ға­ны­сы­на қа­тыс­қа­ны үшін бел­гі­лен­ген же­ңіл­дік­ті шар­ттар­мен зей­не­та­қы та­ғай­ын­дау үшiн 1998 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­iн ең­бек сі­ңір­ген жыл­да­ры­на есеп­те­ліп жа­зы­л­ған, сол қа­ла­лар­да болған Ке­ңес Ар­ми­я­сы­ның, Әс­ке­ри-Те­ңіз Фло­ты­ның, бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның iш­кi iстер және мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік әс­кер­ле­рі мен ор­ган­да­ры­ның ерік­ті жал­да­ма­лы құ­ра­мы­ның адам­да­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 4 Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зеңiн­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот­тың құ­ра­мы­на кiр­ген бөлiм­дер­дiң, шта­б­тар мен ме­ке­ме­лер­дiң құ­ра­мын­да полк ба­ла­ла­ры (тәр­би­е­ле­ну­шiле­рі) және юн­га­лар ретiн­де болған адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 5 Екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс жыл­да­рын­да шет ел­дер­дiң ау­ма­ғын­да пар­ти­зан от­ряд­та­ры, астыр­тын топ­тар және бас­қа да фа­шизм­ге қар­сы құ­ра­лым­дар құ­ра­мын­да фа­ши­стiк Гер­ма­ния мен оның одақ­та­ста­ры­на қар­сы ұрыс қи­мыл­да­ры­на қа­тыс­қан адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 6 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Қа­ты­нас жол­да­ры ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, Бай­ла­ныс ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, кәс­iп­шiлiк және көлiк ке­ме­лерiнiң жү­зу құ­ра­мы мен авиа­ци­я­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның, Ба­лық өнер­к­әс­iбi ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның, теңiз және өзен фло­ты­ның, Сол­тү­стiк теңiз жо­лы бас бас­қар­ма­сы­ның ұшу-кө­те­рі­лу құ­ра­мы­ның ар­на­у­лы құ­ра­лым­да­ры­ның Ұлы Отан со­ғы­сы ке­зеңiн­де әс­ке­ри қыз­мет­шiлер жағ­дай­ы­на кө­шiрiл­ген және ұрыс май­дан­да­ры­ның тыл­да­ғы ше­ка­ра­ла­ры, флот­тар­дың же­дел ай­мақ­та­ры ше­гiн­де май­дан­да­ғы ар­мия мен флот мүд­де­лерi үшін мiн­дет­тер ат­қар­ған қыз­мет­кер­лерi, сон­дай-ақ Ұлы Отан со­ғы­сы­ның бас кезiн­де бас­қа мем­ле­кет­тер­дiң порт­та­рын­да ерік­сіз ұстал­ған көлiк фло­ты ке­ме­лерi эки­паж­да­ры­ның мү­ше­лерi Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 7 Ле­нин­град қа­ла­сын­да­ғы қор­шау ке­зеңiн­де қа­ла­ның кәс­i­по­рын­да­рын­да, ме­ке­ме­лерi мен ұй­ым­да­рын­да жұ­мыс iсте­ген және «Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 8 Екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс ке­зеңiн­де фа­ши­стер мен олар­дың одақ­та­ста­ры құр­ған конц­ла­герь­лер­де­гі, гет­то­лар­да­ғы және бас­қа да мәж­бүр­леп ұстау орын­да­рын­да­ғы кәме­лет­ке тол­ма­ған тұт­қын­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 9 Қыз­мет­тік мiн­дет­терiн ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы, мер­ті­гуі сал­да­ры­нан не май­дан­да бо­луы­на неме­се ұрыс қи­мыл­да­ры жүр­гiзiл­ген мем­ле­кет­тер­де қыз­мет­тік мiн­дет­терiн орын­да­уы­на бай­ла­ны­сты ау­ру­ға шал­ды­ғуы сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның мем­ле­кет­тік қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның және іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның бас­шы және қа­тар­да­ғы құ­ра­мы­ның адам­да­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 10 1944 жы­л­ғы 1 қаң­тар – 1951 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да­ғы ке­зең­де Укра­и­на Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Бе­ла­русь Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Лит­ва Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Лат­вия Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы, Эс­то­ния Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да болған ха­лық­ты қор­ғау­шы жой­ғыш ба­та­льон­дар­дың, взвод­тар мен от­ряд­тар­дың жа­уын­гер­лерi мен ко­ман­да­лық құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы, осы ба­та­льон­дар­да, взвод­тар­да, от­ряд­тар­да қыз­мет­тік мiн­дет­терiн ат­қа­ру кезiн­де жа­ра­ла­нуы, кон­ту­зия алуы неме­се мер­ті­гуі сал­да­ры­нан мү­ге­дек болған адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 11 Ұлы Отан со­ғы­сын­да қа­за тап­қан, жер­гiлiк­тi әуе ша­буы­лы­на қар­сы қор­ға­ны­стың объ­ек­тi­лік және ава­ри­я­лық ко­ман­да­ла­ры­ның өзін-өзі қор­ғау топ­та­ры­ның же­ке құ­ра­мы қа­та­рын­да­ғы адам­дар­дың от­ба­сы­ла­ры, Ле­нин­град қа­ла­сы­ның гос­пи­таль­да­ры мен ау­ру­ха­на­ла­ры­ның қа­за тап­қан жұ­мыс­кер­ле­рі­нің от­ба­сы­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 12 Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған мү­ге­де­гі­нің неме­се же­ңіл­дік­тер бой­ын­ша Ұлы Отан со­ғы­сы­ның мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­стiрiл­ген адам­ның екін­ші рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы), сон­дай-ақ жал­пы ау­ру­ға шал­ды­ғу, жұ­мыста мер­ті­гу және бас­қа да се­беп­тер (құқық­қа қай­шы ке­летiн­дер­ді қо­с­па­ған­да) сал­да­ры­нан мү­ге­дек деп та­ны­л­ған, Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қай­тыс болған қа­ты­су­шы­сы­ның, пар­ти­зан­ның, астыр­тын әре­кет ету­ші­нің,«Ле­нин­град­ты қор­ға­ға­ны үшiн» ме­далi­мен неме­се «Қор­ша­уда­ғы Ле­нин­град тұр­ғы­ны» бел­гiсi­мен на­град­тал­ған аза­мат­тың екін­ші рет неке­ге тұр­ма­ған жұ­байы (зай­ы­бы) Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 13 Ұлы Отан со­ғы­сы жыл­да­рын­да тыл­да­ғы қа­жыр­лы ең­бе­гі мен мiн­сiз әс­ке­ри қыз­метi үшiн бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның ор­ден­дерi­мен және ме­даль­да­ры­мен на­град­тал­ған адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 5 (бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 31 ма­мыр – Са­я­си қу­ғын-сүр­гін және ашар­шы­лық құр­бан­да­рын ес­ке алу кү­ні 1 Бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы ау­ма­ғын­да са­я­си қу­ғын-сүр­гін­дер­ге ті­ке­лей ұшы­ра­ған және қа­зір­гі уа­қыт­та Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты бо­лып та­бы­ла­тын адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қазiр­гi ау­ма­ғын­да өздерiне қу­ғын-сүр­гiн­дер қол­да­ны­л­ған­ға дей­iн тұ­рақ­ты өмiр сүр­ген адам­дар мы­на тө­мен­де­гi жағ­дай­лар­да та­ны­ла­ды: а) бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ке­ңес сот­та­ры мен бас­қа да ор­ган­дар­дың қол­да­нуы; б) екiн­шi дү­ни­е­жүзiлiк со­ғыс кезiн­де (жай адам­дар мен әс­ке­ри қыз­мет­шiлер­дi) тұ­рақ­ты ар­мия әс­ке­ри три­бу­нал­да­ры­ның ай­ып­та­уы; в) Қа­зақ­стан­нан тыс­қа­ры жер­лер­де әс­ке­ри қыз­мет ат­қа­ру үшiн ша­қы­ры­л­ған­нан кей­iн қу­ғын-сүр­гiн­дер­дiң қол­да­нуы; г) қу­ғын-сүр­гiн­дер­дi ор­та­лық одақ­тық ор­ган­дар: Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның Жо­ғар­ғы Со­ты мен оның сот ал­қа­ла­ры­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы­ның Ай­рық­ша бас са­я­си Бас­қар­ма ал­қа­сы­ның, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Iш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты - Мем­ле­кет Қа­уiп­сiздi­гі ми­ни­стр­лi­гi - Iш­кi iстер ми­ни­стр­лi­гi жа­нын­да­ғы ай­рық­ша ке­ңе­стiң, Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы Про­ку­ра­ту­ра­сы мен Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы іш­кi iстер ха­лық ко­мис­са­ри­а­ты­ның Тер­геу Іс­те­рі жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­сы­ның және бас­қа ор­ган­дар ше­шiм­дерi бой­ын­ша қол­да­нуы; д) Қа­зақ­стан­да­ғы 1986 жы­л­ғы 17-18 жел­тоқ­сан оқи­ға­ла­ры­на қа­тыс­қа­ны үшін, осы оқи­ға­лар­да қа­са­қа­на кі­сі өл­тір­ге­ні және ми­ли­ция қыз­мет­ке­рі­нің, ха­лық жа­сақ­шы­сы­ның өмі­ріне қа­стан­дық жа­са­ға­ны үшін сот­тал­ған, өзде­ріне қа­ты­сты қыл­мыстық іс­тер­ді қай­та қа­ра­удың қол­да­ны­лып жүр­ген тәр­ті­бі сақ­та­ла­тын адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, қу­ғын-сүр­гін­дер­дің қол­да­ны­луы жағ­дай­ла­рын­да та­ны­ла­ды Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 3 Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы мем­ле­кет­тiк өкi­мет­тiң жо­ға­ры ор­ган­да­ры­ның құ­жат­та­ры негiзiн­де Қа­зақ­стан­ға және Қа­зақ­стан­нан кү­ш­теу ар­қы­лы құқық­қа қар­сы қо­ныс ауда­ру­ға ұшы­ра­ған адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 15 (он бес) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 4 Ата-ана­лар­мен неме­се олар­дың ор­нын­да­ғы адам­дар­мен бiр­ге бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да, ай­да­уда, жер ауда­ру­да неме­се ар­найы қо­ныс ауда­ру­да болған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры, сон­дай-ақ қу­ғын-сүр­гiн кезiн­де он се­гiз жас­қа тол­ма­ған және оның қол­да­ны­луы нәти­же­сiн­де ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған са­я­си қу­ғын-сүр­гiн­дер құр­бан­да­ры­ның ба­ла­ла­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 7 (же­ті) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 30 та­мыз – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы кү­ні 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ерекше ең­бе­гі үшін зей­не­та­қы та­ғай­ын­дал­ған адам­дар, об­лы­стық ма­ңы­зы бар дер­бес зей­нет­кер мәр­те­бе­сі бар зей­нет­кер­лер, об­лы­стың, қа­ла­ның (аудан­ның) құр­мет­ті аза­мат­та­ры Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 2 Со­ци­а­ли­стік Ең­бек Ер­ле­рі, үш дә­ре­же­лі Даңқ, үш дә­ре­же­лі Ең­бек Даң­қы ор­ден­де­рі­нің иегер­ле­рі Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі 3 «Қа­зақ­стан­ның Ең­бек Ері» ата­ғы­на ие болған адам­дар Жы­лы­на 1 (бір) рет 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі
Басқа 2
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 57/2 шешіміне 2 қосымша Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың қағидаларына 3-қосымша
Тармақша 1
1) жетімдік;
Тармақша 2
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 5
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
Тармақша 6
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 8
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 9
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
Тармақша 10
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
Тармақша 11
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде болу;
Тармақша 13
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
Тармақша 14
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келуі;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6, 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеуге мұқтаждығы;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6, 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторийліқ-курорттық емделуге мұқтаждығы;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
Тармақша 18
18) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 4, 5, 6, 8-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол, жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
Тармақша 20
20) балаларда адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын аурудың болуы.