О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінде: реттік нөмірі 59-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 124-1-жолмен толықтырылсын: « 124-1 Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda) Lymantria dispar asiatica Vnukovskij »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 132-1-жолмен толықтырылсын: « 132-1 Картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens »; реттік нөмірі 136-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 193-1-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 202-1-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 203-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 203-1-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 218-жол алып тасталсын; реттік нөмірі 223-жол алып тасталсын; 2-тарауда: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-1-жолмен толықтырылсын: « 228-1 Қоңыр-мәрмәр қандала Halymorpha halys Stål »; 2-параграф алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 234-1-жолмен толықтырылсын: « 234-1 Тікенекті алқа Solanum rostratum Dun. »; мынадай мазмұндағы 5 және 6-параграфтармен толықтырылсын: « 5-параграф. Вирустар мен вироидтар 234-2 Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 234-3 Қызанақтың дақты солу вирусы Tomato spotted wilt virus 234-4 Пепиноның теңбіл вирусы Pepino mosaic virus 234-5 Қызанақтың сақиналы теңбілдігі неповирусы Tomato ringspot nepovirus 6-параграф. Саңырауқұлақтар 234-6 Қызыл күрең церкоспороз Cercospora kikuchii (T. Matsu & Tomoyasu) Gardn. ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі