О признании утратившими силу приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан, военно-следственных органов Министерства внутренних дел Республики Казахстан в мирное время» и от 3 апреля 2017 года № 238 «О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом во Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 238 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15122 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.