О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан в мирное время» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары бекітілсін.»; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары.»; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары.»; Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормасы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (С.В. Каверников) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б.Т. Сұлтанов 2017 жылғы «__»___________