О внесении изменений в решение Меркенского районного маслихата от 30 октября 2015 года№ 43-2 «О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Меркенского районного маслихата от 30 октября 2015 года№ 43-2 «О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения»
- Атауы (қаз.)
- «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-4
- Қабылданған күні
- 20.05.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2019 103726_390340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GF003118
- ЭКБ идентификаторы
- 103726
- Редакция идентификаторы
- 103726_390340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:04
0 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы» Меркі аудандық
мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы
№ 43-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 43-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №2836 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №107-108 аудандық «Меркі тынысы – Меркенский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»;
аталған шешімнің кіріспесіндегі «387 бабының 1-1 тармағына» деген сөздер «386 бабының 5 тармағына деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жызылсын:
« 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың сәулет және құрылыс, энергетиканы, көлік пен байланысты, ауыл шаруашылығы
мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.