О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 «Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында: 3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру;»; 9-тармақта: 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 31/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 31/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы» ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 31/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды; 3) медициналық ұйым оны әзірлеген жағдайда, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынатын еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған жағдайларда, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады;»; 12) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 31/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі. МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің отырыстарын өткізу барысы аудиобейнежазба құралдарын пайдалана отырып белгіленеді. Аудиобейнежазбалардың деректері МӘС жүргізілген күннен бастап кемінде 4 (төрт) ай сақталады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, № 31/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі. Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) жағдайда № 31/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді. 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. № 31/е нысаны сапасыз және (немесе) негізсіз рәсімделген жағдайда МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 31/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды, бұл туралы МӘС актісінде және № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалады.»; 34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Медициналық ұйымның мультидисциплинарлық топ ОЖБ-ның медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес әзірлейді, ВКК төрағасының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.»; 35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «35. Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 31/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып МӘС бөлімшесі мыналарды әзірлейді:»; 37-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптамалық қорытындыны шығару кезінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі тиісті медициналық ұйымға № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасын амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қосу үшін (электрондық немесе қағаз форматта) жібереді. Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда - куәландырылған адамға немесе заңды өкіліне № 31/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасының телнұсқасы беріледі. Мүгедектікті растау туралы ақпарат және осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандары «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының «жеке кабинеті» арқылы ЭЦҚ-ны және/немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша ұсынылады.»; 2-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығына қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 2-1-қосымша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің Ең­бек, әле­умет­тік қор­ғау және кө­ші-қон ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту әді­сте­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді. Мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және осы тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам ал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­рын бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы­ның (бұ­дан әрі – пор­тал) «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы ЭЦҚ және/неме­се бір рет­тік па­рол­ді пай­да­ла­на оты­рып, ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) жү­гін­ген кү­ні; құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 1 (бір) са­ғат; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кү­ні қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 1 (бір) са­ғат; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға үй­де, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер­де, тү­зеу ме­ке­ме­ле­рі мен тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да ем­де­ліп жа­тқан же­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ор­на­лас­қан жер­ден ба­стап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ор­на­лас­қан жер­ге дей­ін жол жү­ру уа­қы­ты­на бай­ла­ны­сты – 4 са­ғат; 2) МӘС бө­лі­мі ал­дын ала шы­ға­ры­л­ған са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындыс­ы­мен бір­ге ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ды және (неме­се) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның құ­жат­та­рын МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лі­міне кон­суль­та­ци­я­ға жі­бер­ген жағ­дай­лар­да – өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 10 (он) жұ­мыс күн; 3) пор­тал­да – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу үшін өті­нім­ге қол қой­ған сәт­тан ба­стап 1 (бір) са­ғат. 4 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де 5 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де қа­ғаз тү­рін­де: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мү­ге­дек­тік бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­тік ту­ра­лы анық­та­ма; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ОЖБ-ның әле­умет­тік бө­лі­гі әзір­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның әле­умет­тік бө­лі­гі­нен үзін­ді кө­шір­ме. Ең­бек жа­ра­қа­ты және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру сал­да­ры­нан мү­ге­дек­тер үшін – ОЖБ-ның әле­умет­тік бө­лі­гі; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ОЖБ-ның кә­сіп­тік бө­лі­гі әзір­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның кә­сіп­тік бө­лі­гі­нен үзін­ді кө­шір­ме. Ең­бек жа­ра­қа­ты және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру сал­да­ры­нан мү­ге­дек­тер үшін – ОЖБ-ның кә­сіп­тік бө­лі­гі; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма, кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма­дан және ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма ак­ті­сі­нен үзін­ді кө­шір­ме; за­рдап шек­кен қыз­мет­кер­дің кө­мек­тің қо­сым­ша түр­ле­рі мен кү­тім­ге мұқ­тажды­ғы ай­қын­дал­ған жағ­дай­лар­да – за­рдап шек­кен қыз­мет­кер­дің кө­мек­тің қо­сым­ша түр­ле­рі мен кү­тім­ге мұқ­тажды­ғы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды; ке­зек­ті қай­та ку­әлан­ды­ру ке­зін­де мү­ге­дек бо­лып та­ныл­ма­ған­дар­ға – то­лық оңал­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; ал­ғаш­қы ку­әлан­ды­ру ке­зін­де мү­ге­дек деп та­ныл­ма­ған­дар­ға – МӘС-тің са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындысы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма. 2) элек­трон­дық пор­тал ар­қы­лы – мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам ал­ған, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші уәкі­лет­ті тұл­ға­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­ры қыз­мет алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жол­да­на­ды. 6 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 7. Жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру кесте­сі: са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы. 8 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі МӘС және (неме­се) МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лім­де­рі өті­ніш­ті қа­был­дау ке­зін­де ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат­тар­ды (элек­трон­дық үкі­мет) шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден сұ­рап ала­ды: 1) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет; 2) адам­ды қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­сін­де неме­се тер­геу изо­ля­то­рын­да ұстау фак­ті­сін рас­тай­тын мә­лі­мет; 3) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген № 31/е ны­са­ны бой­ын­ша МӘС-ке қо­ры­тын­ды (бұ­дан әрі – № 31/е ны­са­ны). Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 5 ма­мыр­да­ғы № 321 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген «Дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы» ере­же­ге (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11310 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес № 31/е ны­са­ны­ның мер­зі­мі оған қол қой­ы­л­ған кү­ні­нен ба­стап бір ай­дан ке­шік­тір­мей­тін уа­қыт­қа жа­рам­ды; 4) ме­ди­ци­на­лық ұй­ым оны әзір­ле­ген жағ­дай­да, № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген № 033/е ны­са­ны бой­ын­ша па­ци­ент­ті/мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның ме­ди­ци­на­лық бө­лі­гі (бұ­дан әрі – ОЖБ ме­ди­ци­на­лық бө­лі­гі); 5) ау­ру ди­на­ми­ка­сын тал­дау үшін ам­бу­ла­то­ри­я­лық па­ци­ент­тің ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы­нан мә­лі­мет­тер. Болған жағ­дай­да – ау­ру та­рихы­нан үзін­ді-кө­шір­ме­лер, ма­ман­дар­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры және зерт­теу нәти­же­ле­рі; 6) ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық па­ра­ғы (анық­та­ма) – жұ­мыс іс­тей­тін адам­дар ку­әлан­ды­ру­дан өт­кен кез­де; 7) ал­ғаш­қы ку­әлан­ды­ру ке­зін­де, ең­бек ету­ге қа­бі­лет­ті жас­та­ғы адам­дар­ға қа­ты­сты – ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат (бар бол­са), ал өн­ді­рі­стік жа­ра­қат­тар және кә­сіп­тік ау­ру­лар болған жағ­дай­лар­да, со­ны­мен бір­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өн­ді­рі­сте­гі ең­бек си­па­ты мен жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жұ­мыс бе­ру­ші тол­ты­ра­ды) ұсы­ны­ла­ды; 8) жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ал­ғаш рет бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­да – осы әле­умет­тік қа­тер бой­ын­ша мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су (неме­се қа­ты­спау) фак­ті­сін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер; 9) өн­ді­рі­стік жа­ра­қат ал­ған және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам­ға осы жа­за­тай­ым оқи­ға бой­ын­ша кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сін (бұ­дан әрі – КЕА дә­ре­же­сі) ал­ғаш­қы рет бел­гі­леу ке­зін­де мү­ге­дек­тікті және (неме­се) мү­ге­дек­тіктің се­бе­бін бел­гі­леу үшін – «Ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тер­геп-тек­се­ру ма­те­ри­ал­да­рын рә­сім­деу бой­ын­ша ны­сан­дар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1055 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12655 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт (бұ­дан әрі – жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт); Жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт бол­ма­са және жұ­мыс бе­ру­ші-же­ке кә­сіп­кер­дің қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған неме­се заң­ды тұл­ға та­ра­ты­л­ған жағ­дай­да өн­ді­рі­стік жа­ра­қат ал­ған және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам ұсы­на­тын ең­бек (қыз­мет­тік) мін­дет­те­рін орын­да­у­мен жа­ра­қат­та­ну­дың неме­се ау­ру­дың се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сы ту­ра­лы сот ше­ші­мі тір­ке­ле­ді; 10) кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам­дар­ды ку­әлан­дыр­ған кез­де – кә­сіп­тік ау­ру және ула­ну ди­а­гно­зын бел­гі­леу (ау­ру­дың кә­сіп­пен бай­ла­ны­сын анық­тау) ке­зін­де са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ра­тын ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындысы; 11) жа­ра­ла­ну­ға, кон­ту­зи­я­ға, жа­ра­қат­та­ну­ға, мер­ті­гу­ге, ау­ру­ға бай­ла­ны­сты мү­ге­дек­тік се­беп­те­рін анық­тау үшін – се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сын бел­гі­лей­тін ти­іс­ті қыз­мет са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет; 12) қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­ген жағ­дай­да қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 13) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның атын, әке­сі­нің атын (бар бол­са) және те­гін өзгер­ту­ді мем­ле­кет­тік тір­ке­ген жағ­дай­да қай­та ку­әлан­ды­ру ке­зін­де – «Мем­ле­кет­тік аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу кі­тап­ша­ла­рын жи­нақ­тау фор­ма­ла­рын және осы кі­тап­тар­да­ғы жа­з­ба­лар негі­зін­де бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер­ді бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 9 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10173 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша атын, әке­сі­нің атын, те­гін өзгер­ту ту­ра­лы ку­ә­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның өті­ні­шіне № 31/е ны­са­ны, сон­дай-ақ ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі кө­шір­ме­ле­рі және са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­ры қо­са бе­рі­ле­ді. 9 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз­де­ме 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін бел­гі­леу; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 1 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет: 1) ти­іс­ті өңір­дің МӘС бө­лім­де­рі және (неме­се) МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лім­де­рі ор­на­лас­қан жер­де; 2) кө­шпе­лі оты­ры­стар­да: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты (тір­кел­ген) же­рін­де­гі ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ке­ме ба­за­сын­да; ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер­де ем­де­ліп жа­тқан ор­ны бой­ын­ша; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бар­ған же­рі бой­ын­ша қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де және тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да; үй­де, ста­ци­о­нар­да - егер адам дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма­ға ке­ле ал­май­тын бол­са; 3) сырт­тай – ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам та­сы­мал­да­у­ға кел­мей­тін және/неме­се қыз­мет көр­се­ті­ле­тін өңір­ден тыс жер­лер­де ста­ци­о­нар­лық ем­де­лу­де бол­са көр­се­ті­ле­ді. Мү­ге­дек­тік ал­ғаш рет бел­гі­лен­ген жағ­дай­да, адам мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік әле­умет­тік жәр­де­ма­қы, мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да тө­ле­не­тін әле­умет­тік тө­лем, мү­ге­дек ба­ла­ны тәр­би­е­ле­у­ші­ге бе­рі­ле­тін жәр­де­ма­қы және ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­тің кү­ті­міне бай­ла­ны­сты жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау үшін ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма (бұ­дан әрі – МӘС) бө­лі­міне жү­гі­не­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және ол мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­рын ЭЦҚ-сы болған кез­де және/неме­се бір рет­тік па­роль­ді қол­да­ну­мен пор­тал ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты «1414»,8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.