О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 «Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) біліктілік – қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, күрделілігі белгілі дәрежедегі жұмысты орындау үшін қажетті білімі, ептілігі мен дағдыларының болуы; 2) еңбек ету қабілетінен айырылу – қызметкердің жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінен айырылуы, оның дәрежесі айырылған еңбек ету қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетіледі; 3) еңбек қабілеті – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру қабілеті; 4) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимыл орталығының қызметін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 5) кәсіп – арнайы даярлықтың және жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған теориялық білімі мен практикалық машықтар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі; 6) кәсіптік ауру - жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті немесе созылмалы ауру; 7) кәсіптік еңбек ету қабілеті – қызметкердің белгілі бір біліктіліктегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілеті; 8) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі; 9) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу; 10) куәландырылатын адам – өзіне қатысты МӘС жүргізілетін адам; 11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) – материалдық және заттай мәнде әлеуметтік көмек, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруға, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 12) МӘС – мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау; 13) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС мәселелері бойынша әдіснаманы және бақылауды жүзеге асыратын бөлімі; 14) МӘС бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС жүргізу жөніндегі бөлімі; 15) мультипәндік топ – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы; 16) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам; 17) мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам; 18) мүгедектерді әлеуметтік қорғау – мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; 19) мүгедектерді оңалту – организм функцияларының тұрақты бұзылып денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешені; 20) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 21) мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі; 22) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат; 23) оңалту әлеуеті – мүгедек организмінің бұзылған функциялары мен қабілеттерін медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізінде қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерінің көрсеткіші; 24) оңалту болжамы – оңалту әлеуетін іске асырудың болжамды мүмкіндігі және мүгедекті қоғамға кіріктірудің болжамды деңгейі; 25) оңалту-сараптамалық диагностика – оңалту әлеуетінің, оңалту болжамының бағасы; 26) организм функциялары – организм жүйелерінің физиологиялық (психикалықты қоса алғандағы) функциялары; 27) организм функцияларының бұзылуы – организмнің қызметінде немесе құрылымында туындайтын, олардың нормадан едәуір ауытқуы ретінде қаралатын проблемалар; 28) өндірістік жарақат – өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, еңбек ету қабілетінен айырылуына әкеп соққан, қызметкер денсаулығының зақымдануы; 29) тіршілік-тынысының шектелуі – адамның өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу және еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы; 30) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік-еңбек саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы; 31) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға; 32) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС оның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес: 1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде; 2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында; 3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында; 4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында; 5) үйінде көрсетіледі; 6) сырттай.»; 9-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «9. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтінішке (бұдан әрі - өтініш) сәйкес куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі:»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы» ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;»; 12) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Куәландыру (қайта куәландыру) куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісуімен үйде, стационарда және куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және (немесе) қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде жүрген жағдайларда сырттай, № 031/е нысаны бойынша ДКК ұсынысы негізінде жүргізіледі. Сырттай куәландырылған (қайта куәландырылған) жағдайда № 031/е нысанды куәландырылатын адамның орналасқан жері бойынша өңірдің медициналық ұйымы рәсімдейді.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. № 031/е нысаны негізсіз рәсімделген жағдайда МӘС бөлімі тексерудің және ұсынылған медициналық құжаттарды талдау деректерінің негізінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы медициналық және фармацевтикалық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне және пациентті жіберген медициналық ұйымға № 031/е нысанының көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды, бұл туралы МӘС актісінде және № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасында жазба жасалады.»; 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «20. Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді. 21. МӘС жүргізу кезінде мынадай мүгедектік себептері және (немесе) ЖЕА дәрежелері айқындалады: 1) жалпы ауру; 2) еңбек жарақаты; 3) кәсіптік ауру; 4) бала кезінен мүгедек; 5) жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар; 6) жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар; 7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру; 8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер. Мүгедектіктің себебі оның себептік-салдарлық байланысын анықтаған уәкілетті орган келтірген тұжырымдармен қатаң сәйкестікте шығарылады.»; 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «23. Егер куәландырылатын адам мүгедектік себебін ауыстырғысы келсе, осы Қағидалардың 9-тармағының 8), 9), 10) тармақшаларына сәйкес себептік-салдарлық байланысты растайтын құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күні мүгедектік себебін өзгерткен күн болып есептеледі. 24. Мүгедектік мынадай мерзімдерге: жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін; жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа толғанға дейін; он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.»; 35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «35. Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып МӘС бөлімшесі мыналарды әзірлейді:»; 37-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда – осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық оңалтылуы туралы хабарлама беріледі. Сараптамалық қорытындыны шығару кезінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі тиісті медициналық ұйымға № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасын амбулаториялық пациенттің медициналық картасына қосу үшін (электрондық немесе қағаз форматта) жібереді. Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда – куәландырылған адамға немесе заңды өкіліне № 031/е нысанының МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламасының телнұсқасы беріледі. Мүгедектікті растау туралы ақпарат және осы тармақта көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандары «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының «жеке кабинеті» арқылы ЭЦҚ-ны және/немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша ұсынылады.»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым береді. Шағымдану Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.»; 39-1-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, куәландырылатын адам және/немесе оның заңды өкілі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.»; 41, 42, 43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «41. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті немесе бірінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады: 1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге; 2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға; 3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); 4) үшінші дәрежедегі оқуға; 5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге; 6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; 7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға. 42. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті немесе екінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады: 1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге; 2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға; 3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); 4) екінші дәрежедегі оқуға; 5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге; 6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; 7) екінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға. 43. Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті немесе үшінші топтағы мүгедек баланың санатын белгілеу үшін негіз болып табылады: 1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге; 2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға; 3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті); 4) бірінші дәрежедегі оқуға; 5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге; 6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға; 7) бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға. 44. Аурулармен, жарақаттардың салдарымен немесе ақаулармен шартталған, өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас жасау, ойын және танымдық қызметке, өзінің мінез-құлқын бақылау, қимыл белсенділігі қабілетінің орташа, айқын немесе қатты білінетін шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты орташа немесе айқын немесе едәуір, қатты білінетін бұзылуы 7 жасқа дейінгі балаға мүгедектік белгілеу үшін негіз болып табылады.»; 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «51. Мүгедектер мен еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар белгіленген мүгедектіктің және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің мерзімдерін сақтай отырып қайта куәландырудан өтеді.»; 55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «55. ОЖБ-ның медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді медициналық ұйымдардың мамандары медициналық ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне енгізеді. ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің орындалуы туралы деректер «Е-собес» ААЖ-дан «МОБД» ААЖ-ға, ал ОЖБ-ның кәсіптік бөлігінің орындалуы туралы деректер «Еңбек нарығы» ААЖ-дан автоматтандырылған режимде келіп түседі. Жұмыс берушілердің ОЖБ-ның әлеуметтік және/немесе кәсіптік бөліктерін орындауы туралы деректерді куәландырылатын адамның ақпараты негізінде МӘС мамандары «МОБД» ААЖ-ға енгізеді. 56. МӘС бөлімі ОЖБ-ның іске асырылуына мониторингті және ОЖБ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды мүгедекті кезекті куәландыру кезінде жүзеге асырады. ОЖБ медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды мультипәндік топ, медициналық ұйымның ДКК жүзеге асырады.»; 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Е. Біржановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 қазандағы № 397 бұйрығына 1-қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 2-1-қосымша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің Ең­бек, әле­умет­тік қор­ғау және кө­ші-қон ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту әді­сте­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді. Мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және осы тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам ал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­рын бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы­ның (бұ­дан әрі – пор­тал) «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы ЭЦҚ және/неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) жү­гін­ген кү­ні; құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 1 (бір) са­ғат; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жү­гін­ген кү­ні қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 1 (бір) са­ғат; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға үй­де, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер­де, тү­зеу ме­ке­ме­ле­рі мен тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да ем­де­ліп жа­тқан же­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қыт көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ор­на­лас­қан жер­ден ба­стап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ор­на­лас­қан жер­ге дей­ін жол жү­ру уа­қы­ты­на бай­ла­ны­сты – 4 са­ғат; 2) МӘС бө­лі­мі ал­дын ала шы­ға­ры­л­ған са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындыс­ы­мен бір­ге ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ды және (неме­се) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның құ­жат­та­рын МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лі­міне кон­суль­та­ци­я­ға жі­бер­ген жағ­дай­лар­да – өті­ніш­ті тір­ке­ген күн­нен ба­стап 10 (он) жұ­мыс күн; 3) пор­тал­да – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу үшін өті­нім­ге қол қой­ған сәт­тен ба­стап 1 (бір) са­ғат. 4 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де 5 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де қа­ғаз тү­рін­де: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға мү­ге­дек­тік бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­тік ту­ра­лы анық­та­ма; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ОЖБ-ның әле­умет­тік бө­лі­гі әзір­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның әле­умет­тік бө­лі­гі­нен үзін­ді кө­шір­ме. Ең­бек жа­ра­қа­ты және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру сал­да­ры­нан мү­ге­дек­тер үшін – ОЖБ-ның әле­умет­тік бө­лі­гі; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ОЖБ-ның кә­сіп­тік бө­лі­гі әзір­лен­ген жағ­дай­да – мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның кә­сіп­тік бө­лі­гі­нен үзін­ді кө­шір­ме. Ең­бек жа­ра­қа­ты және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру сал­да­ры­нан мү­ге­дек­тер үшін – ОЖБ-ның кә­сіп­тік бө­лі­гі; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі бел­гі­лен­ген жағ­дай­да – кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма, кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма­дан және ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма ак­ті­сі­нен үзін­ді кө­шір­ме; за­рдап шек­кен қыз­мет­кер­дің кө­мек­тің қо­сым­ша түр­ле­рі мен кү­тім­ге мұқ­тажды­ғы ай­қын­дал­ған жағ­дай­лар­да – за­рдап шек­кен қыз­мет­кер­дің кө­мек­тің қо­сым­ша түр­ле­рі мен кү­тім­ге мұқ­тажды­ғы ту­ра­лы қо­ры­тын­ды; ке­зек­ті қай­та ку­әлан­ды­ру ке­зін­де мү­ге­дек бо­лып та­ныл­ма­ған­дар­ға – то­лық оңал­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма; ал­ғаш­қы ку­әлан­ды­ру ке­зін­де мү­ге­дек деп та­ныл­ма­ған­дар­ға – МӘС-тің са­рап­та­ма­лық қо­ры­тындысы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма. 2) элек­трон­дық пор­тал ар­қы­лы – мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам ал­ған, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші уәкі­лет­ті тұл­ға­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­ры қыз­мет алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жол­да­на­ды. 6 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 7. Жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру кесте­сі: са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы. 8 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі МӘС және (неме­се) МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лім­де­рі өті­ніш­ті қа­был­дау ке­зін­де ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат­тар­ды (элек­трон­дық үкі­мет) шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден сұ­рап ала­ды: 1) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет; 2) адам­ды қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­сін­де неме­се тер­геу изо­ля­то­рын­да ұстау фак­ті­сін рас­тай­тын мә­лі­мет; 3) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­рық) бе­кі­ті­л­ген № 031/е ны­са­ны бой­ын­ша МӘС-ке қо­ры­тын­ды (бұ­дан әрі – № 031/е ны­са­ны). Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 5 ма­мыр­да­ғы № 321 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген «Дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы» ере­же­ге (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11310 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес № 031/е ны­са­ны­ның мер­зі­мі оған қол қой­ы­л­ған кү­ні­нен ба­стап бір ай­дан ке­шік­тір­мей­тін уа­қыт­қа жа­рам­ды; 4) ме­ди­ци­на­лық ұй­ым оны әзір­ле­ген жағ­дай­да, № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген № 033/е ны­са­ны бой­ын­ша па­ци­ент­ті/мү­ге­дек­ті оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның ме­ди­ци­на­лық бө­лі­гі (бұ­дан әрі – ОЖБ ме­ди­ци­на­лық бө­лі­гі); 5) ау­ру ди­на­ми­ка­сын тал­дау үшін ам­бу­ла­то­ри­я­лық па­ци­ент­тің ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы­нан мә­лі­мет­тер. Болған жағ­дай­да – ау­ру та­рихы­нан үзін­ді-кө­шір­ме­лер, ма­ман­дар­дың қо­ры­тын­ды­ла­ры және зерт­теу нәти­же­ле­рі; 6) ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық па­ра­ғы (анық­та­ма) – жұ­мыс іс­тей­тін адам­дар ку­әлан­ды­ру­дан өт­кен кез­де; 7) ал­ғаш­қы ку­әлан­ды­ру ке­зін­де, ең­бек ету­ге қа­бі­лет­ті жас­та­ғы адам­дар­ға қа­ты­сты – ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат (бар бол­са), ал өн­ді­рі­стік жа­ра­қат­тар және кә­сіп­тік ау­ру­лар болған жағ­дай­лар­да, со­ны­мен бір­ге осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өн­ді­рі­сте­гі ең­бек си­па­ты мен жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жұ­мыс бе­ру­ші тол­ты­ра­ды) ұсы­ны­ла­ды; 8) жал­пы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сі ал­ғаш рет бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­да – осы әле­умет­тік қа­тер бой­ын­ша мін­дет­ті әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру жүй­е­сіне қа­ты­су (неме­се қа­ты­спау) фак­ті­сін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер; 9) өн­ді­рі­стік жа­ра­қат ал­ған және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам­ға осы жа­за­тай­ым оқи­ға бой­ын­ша кә­сіп­тік ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­лу дә­ре­же­сін (бұ­дан әрі – КЕА дә­ре­же­сі) ал­ғаш­қы рет бел­гі­леу ке­зін­де мү­ге­дек­тікті және (неме­се) мү­ге­дек­тіктің се­бе­бін бел­гі­леу үшін – «Ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тер­геп-тек­се­ру ма­те­ри­ал­да­рын рә­сім­деу бой­ын­ша ны­сан­дар­ды бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1055 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12655 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт (бұ­дан әрі – жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт); Жа­за­тай­ым оқи­ға ту­ра­лы акт бол­ма­са және жұ­мыс бе­ру­ші-же­ке кә­сіп­кер­дің қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған неме­се заң­ды тұл­ға та­ра­ты­л­ған жағ­дай­да өн­ді­рі­стік жа­ра­қат ал­ған және/неме­се кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам ұсы­на­тын ең­бек (қыз­мет­тік) мін­дет­те­рін орын­да­у­мен жа­ра­қат­та­ну­дың неме­се ау­ру­дың се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сы ту­ра­лы сот ше­ші­мі тір­ке­ле­ді; 10) кә­сіп­тік ау­ру­ға шал­дық­қан адам­дар­ды ку­әлан­дыр­ған кез­де – кә­сіп­тік ау­ру және ула­ну ди­а­гно­зын бел­гі­леу (ау­ру­дың кә­сіп­пен бай­ла­ны­сын анық­тау) ке­зін­де са­рап­та­ма­ны жү­зе­ге асы­ра­тын ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның қо­ры­тындысы; 11) жа­ра­ла­ну­ға, кон­ту­зи­я­ға, жа­ра­қат­та­ну­ға, мер­ті­гу­ге, ау­ру­ға бай­ла­ны­сты мү­ге­дек­тік се­беп­те­рін анық­тау үшін – се­беп-сал­дар­лық бай­ла­ны­сын бел­гі­лей­тін ти­іс­ті қыз­мет са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет; 12) қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) бел­гі­ле­ген жағ­дай­да қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты) рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 13) ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның атын, әке­сі­нің атын (бар бол­са) және те­гін өзгер­ту­ді мем­ле­кет­тік тір­ке­ген жағ­дай­да қай­та ку­әлан­ды­ру ке­зін­де – «Мем­ле­кет­тік аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу кі­тап­ша­ла­рын жи­нақ­тау фор­ма­ла­рын және осы кі­тап­тар­да­ғы жа­з­ба­лар негі­зін­де бе­рі­л­ген ку­ә­лік­тер­ді бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 12 қаң­тар­да­ғы № 9 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10173 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша атын, әке­сі­нің атын, те­гін өзгер­ту ту­ра­лы ку­ә­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды». Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да, ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам­ның өті­ні­шіне № 031/е ны­са­ны, сон­дай-ақ ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі кө­шір­ме­ле­рі және са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­ры қо­са бе­рі­ле­ді. 9 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз­де­ме 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін бел­гі­леу; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 1 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет: 1) ти­іс­ті өңір­дің МӘС бө­лім­де­рі және (неме­се) МӘС әдіс­на­ма және ба­қы­лау бө­лім­де­рі ор­на­лас­қан жер­де; 2) кө­шпе­лі оты­ры­стар­да: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты (тір­кел­ген) же­рін­де­гі ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ке­ме ба­за­сын­да; ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ке­ме­лер­де ем­де­ліп жа­тқан ор­ны бой­ын­ша; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бар­ған же­рі бой­ын­ша қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де және тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да; үй­де, ста­ци­о­нар­да – егер адам дә­рі­гер­лік-кон­суль­та­ци­я­лық ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма­ға ке­ле ал­май­тын бол­са; 3) сырт­тай – ку­әлан­ды­ры­ла­тын адам та­сы­мал­да­у­ға кел­мей­тін және/неме­се қыз­мет көр­се­ті­ле­тін өңір­ден тыс жер­лер­де ста­ци­о­нар­лық ем­де­лу­де бол­са көр­се­ті­ле­ді. Мү­ге­дек­тік ал­ғаш рет бел­гі­лен­ген жағ­дай­да, адам мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік әле­умет­тік жәр­де­ма­қы, мү­ге­дек­ті­гі бой­ын­ша ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы ең­бек ету қа­бі­ле­ті­нен ай­ы­ры­л­ған жағ­дай­да тө­ле­не­тін әле­умет­тік тө­лем, мү­ге­дек ба­ла­ны тәр­би­е­ле­у­ші­ге бе­рі­ле­тін жәр­де­ма­қы және ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­тің кү­ті­міне бай­ла­ны­сты жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау үшін ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма (бұ­дан әрі – МӘС) бө­лі­міне жү­гі­не­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мү­ге­дек­тікті рас­тау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты және ол мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ал­ған құ­жат­тар­дың элек­трон­дық ны­сан­да­рын ЭЦҚ-сы болған кез­де және/неме­се бір рет­тік па­роль­ді қол­да­ну­мен пор­тал ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.
Басқа 2. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеуге арналған медициналық көрсетілімдер
бұйрығына 2-қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 4-қосымша Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеуге арналған медициналық көрсетілімдер
Тармақ 1
1. Мүгедек бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек бала санаты 6 ай немесе 1 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер. Мүгедектікті белгілеу 6 ай немесе 1 жыл мерзімге бұзылған функцияларды қалпына келтіру немесе едәуір жақсарту, адамның толыққанды өмірге оралу мүмкіндігін көздейді:
Тармақша 1
1) бас-ми жарақатынан, нейроинфекциядан және жүйке жүйесінің басқа да органикалық ауруларынан кейінгі шамалы білінетін қозғалу, психикалық, сөйлеу бұзылушылықтары;
Тармақша 2
2) операциядан кейінгі кезеңде (6 айдан астам) ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күй;
Тармақша 3
3) ағымының ұзақтығы 2 айдан асатын геморрагиялық васкулит кезінде туындаған патологиялық жай-күйлер (екі және одан да көп синдромдардың үйлесуі);
Тармақша 4
4) асқазанның, ұлтабардың жара ауруының асқынған ағымы;
Тармақша 5
5) дененің артық салмағы аясында 2-типті орта дәрежедегі қант диабеті;
Тармақша 6
6) процесс белсенділігінің жоғары дәрежесі 3 айдан асатын дәнекер тіннің диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық жай-күйлер;
Тармақша 7
7) баланың тіршілік көрсеткіштері бойынша (айқын білінетін зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруі және т.б.) тағайындалған әсері күшті препараттарды ұзақ (3 айдан 1 жылға дейін) уақыт пайдаланудан туындаған, ұзақ терапевтік түзеуді талап ететін патологиялық жай-күй;
Тармақша 8
8) коагулопатиялар мен тромбоцитопатия аясында жатырдан дисфункциялық қан кетуі.
Тармақ 2
2. Олардың негізінде мүгедек бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек бала санаты 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер. Бұл топқа қалпына келтіру немесе жақсарту әжептәуір уақыт аралығын қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді:
Тармақша 1
1) сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп-тұрудың біркелкі білінетін тұрақты бұзылуы (бір немесе бірнеше буынның парезі, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қимыл үйлесімінің бұзылуы және т.б.);
Тармақша 2
2) сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі;
Тармақша 3
3) омыртқа жұлынының зақымдануынан болған жамбас органдары функцияларының білінетін бұзылуы;
Тармақша 4
4) тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз ұстамалар аптасына (2-3 рет);
Тармақша 5
5) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жай-күйлер;
Тармақша 6
6) есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының, басқа да органдардың немесе жүйелердің функциялары мен мінез-құлықтың патологиялық нысандарымен ұштасатын жеңіл ақыл-ой кемістігі;
Тармақша 7
7) тұрақты әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соқтыратын мінез-құлық патологиясы, эмоционалдық-жігер аясының бұзылуы;
Тармақша 8
8) жақсырақ көретін көздің көру қабілетінің (түзетумен) 0,19 қоса алғанға дейін төмендеуі немесе жақсырақ көретін көздің көру өрісінің шоғырлану нүктесінен барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы;
Тармақша 9
9) туа біткен немесе пайда болған кеңірдек, көмекей ауруларының салдарынан трахеотомикалық түтіксіз өздігінен дем ала алмауы;
Тармақша 10
10) І-ІІ дәрежелі тыныс жетіспеушілігімен асқынған өкпе-бронх жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулары, орташа және/немесе күрделі ауырлық дәрежедегі, ішінара және/немесе бақыланбайтын, ағымы ауыр персистирленетін бронх демікпесі;
Тармақша 11
11) асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт жолдары аурулары, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) мен даму ақаулары кезіндегі ас қорыту органдары функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы;
Тармақша 12
12) белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын жүрек кемістігі, І-ІІ дәрежедегі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен асқынған ірі қан тамырлары дамуының кемістіктері;
Тармақша 13
13) І-ІІ дәрежедегі жүрек функциясының тұрақты жеткіліксіздігі, айқын білінетін созылмалы гипоксемия, жүрек функциясының бұзылуына байланысты, оның ішінде кардиостимулятор орнатылғаннан кейінгі синкопальдік жай-күйлер;
Тармақша 14
14) бүйрек функциясының айқын білінетін тұрақты бұзылуы және/немесе бүйрек тініндегі патологиялық процесс белсенділігінің жоғары дәрежесі;
Тармақша 15
15) терінің және (немесе) шырышты қабықтың қимыл белсенділігінің өте айқын шектелуіне және әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соғатын ауқымды зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртықтардың пайда болуына байланысты өзгерістер, папилломатоз және басқалары);
Тармақша 16
16) туа біткен немесе тұқым қуалайтын қан аурулары кезіндегі гемоглобиннің бір литрге 100 граммнан (бұдан әрі – л/г) кем болып төмендей отырып, жылына бір реттен артық болатын анемиялық криздер;
Тармақша 17
17) қатерсіз ісіктің салдарынан болған орган функциясының айқын бұзылуы және (немесе) айқын білінетін косметикалық кемістік;
Тармақша 18
18) тірек және қимылдың айқын бұзылуы бар жамбас пен сан буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі;
Тармақша 19
19) организм функцияларының біркелкі білінетін бұзылуы бар органдардың немесе жүйелердің туберкулезі;
Тармақша 20
20) инсулинотерапия аясында немесе помпа арқылы инсулин алушылар, оның ішінде микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар алғаш анықталған 1-типті қант диабеті;
Тармақша 21
21) терапияға резистенттік белгілері бар және микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар 2-типті қант диабеті, қант диабетінің басқа қайталама типтері;
Тармақша 22
22) қалпына келтіру және негізгі емдеу әдісін таңдау кезеңіне ауыр дәрежелі тиреотоксикоз белгілері бар диффузды уытты зоб;
Тармақша 23
23) органдардың жарым-жартылай немесе толық аплазиясы бар бет дамуындағы туа біткен ақауларға, сондай-ақ белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын (косметикалық операцияларды қоспағанда) жұмсақ тіннің және бет скелетінің кейіннен пайда болған ақауларына байланысты тыныс алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының айқын білінетін бұзылуы.
Тармақ 3
3. Мүгедек бала санаты немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек бала санаты 5 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер:
Тармақша 1
1) бірқалыпты ремиссия басталғанға дейінгі туа біткен тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, целиакция, ОЖЖ қайта зақымдануы белгілерімен гипотиреоз және басқалары);
Тармақша 2
2) бірқалыпты ремиссия басталғанға дейін тіршілік-тынысының бұзылуына және әлеуметтік дезадаптацияға әкеп соқтыратын туа біткен, тұқым қуалайтын аурулар мен синдромдар;
Тармақша 3
3) бірқалыпты клиникалық-гематологиялық ремиссия басталғанға дейінгі асқынған лейкоз, лимфогрануломатоз;
Тармақша 4
4) мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде ісік процесінің сатысына қарамастан, хирургиялық және басқа да емдеу түрлерінен кейінгі кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер;
Тармақша 5
5) ошақты неврологиялық симтоматикасыз тұрақты өтеуге дейінгі бас сүйектің көлемі үлкейген және гипертензиялық синдромды нақты гидроцефалия, операция жасалған гидроцефалия;
Тармақша 6
6) сүйек тінінің айқын білінетін ауқымды деструкциялары (остеопороз, шеміршектің қосылуы), сүйектердің, буындардың, бұлшық еттердің қисаюына, аяқ-қол функцияларының ІІ-ІІІ дәрежедегі бұзылуы бар қайталама патологиялық сынықтарға әкеп соғатын бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері (миофиброз, диффузды кальциноз);
Тармақша 7
7) омыртқа мен кеуде қуысының ІІІ-ІV дәрежеде қисаюына, бір немесе бірнеше аяқ-қол буындарының тартылып және шор болып бітуіне, ірі сүйектер жалған буындарының контрактулары және (немесе) анкилозына байланысты тірек-қимыл аппараты функцияларының бұзылуы;
Тармақша 8
8) туа біткен кемістігі салдарынан аяқ-қолдың немесе олардың сегментінің айқын білініп бұзылуы (мутиляция, контрактуралар, синдактилиялар, артропатиялар және басқалар);
Тармақша 9
9) зәр мен үлкен дәреттің тұрақты тоқтамауы, мерзімі бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын ішектегі, қуық пен қуық-жыныс жолдарындағы жыланкөз жаралар;
Тармақша 10
10) ақыл-ой кемістігі орташа және оған сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі;
Тармақша 11
11) есту функциясының болмауы (ІІІ (56-70 дБ) – ІV (71- 90 дБ) дәрежедегі екі жақты құлақ мүкістігі).
Тармақша 12
12) қайта куәландыру кезінде инсулинотерапия аясында немесе помпа көмегімен инсулин алушылар, оның ішінде микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар 1-типтегі қант диабеті;
Тармақша 13
13) қайта куәландыру кезінде 2-типтегі қан диабеті, терапияға резистенттік белгілері бар және микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар қант диабетінің басқа қайталама типтері;
Тармақша 14
14) балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атиптік аутизм – өзара әлеуметтік өзара іс-қимыл мен әлеуметтік коммуникацияға бастамашылық жасау және қолдау қабілетсіздігімен, мінез-құлықтың шектеулі қайталанатын және стереотипті нысандарымен, интеллектуалдық дамудың бұзылуымен немесе бұзылмауымен, сөйлеу функциясының бұзылуымен немесе бұзылмауымен психикалық дамудың бұзылуы.
Тармақ 4
4. Мүгедек бала санаты жеті жасқа толғанға дейінгі мерзімге белгіленетін немесе бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек бала санаты он сегіз жасқа дейін белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер. Тіршілік-тынысының тұрақты шектелуі, органдар функцияларының сауығу немесе әжептәуір жақсару деректері жоқ, тіршілік әрекетінің үдемелі шектелуі, емдеу мен оңалту іс-шараларының болжамды болашағы болмайтын кезде балаға он алты жасқа толғанға дейінгі мүгедектік белгіленеді:
Тармақша 1
1) бір немесе бірнеше аяқ-қолдың орташа білінетін және айқын білінетін сал болуы немесе терең парездері, білінетін гипотония және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жайылған гиперкинездер (қос атетоз, хореоатетоз секілді), координацияның орташа білінетін және білінетін бұзылуы;
Тармақша 2
2) екі және одан да көп жылдар бойы орын алатын терапевтік резистентті тырыспалар (айына 3-4 рет және одан да көбірек);
Тармақша 3
3) ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі;
Тармақша 4
4) екі жақты кереңдік (90 дБ астам), керең-мылқаулық;
Тармақша 5
5) жұлынның зақымдануына байланысты жамбас органдары функцияларының тұрақты бұзылуы, түзетуге келмейтін ішек және қуық-жыныс жолдарындағы жыланкөз жаралар;
Тармақша 6
6) тыныс функцияларының айқын бұзылуы бар туа біткен және тұқым қуалайтын қолқа-өкпе жүйесінің зақымдануы (муковисцидоз, асқынған альвеолиттер және өкпенің басқа да жайылмалы аурулары);
Тармақша 7
7) пайда болған және туа біткен сипаттағы созылмалы бронхиалды-өкпе аурулары кезіндегі ІІ және одан да жоғары дәрежедегі тыныстың тұрақты тарылуы, ентікпелі ұстаманың қалыптасуы және жүрек-тамыр, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы кезінде, бүйрек бездерінің созылмалы жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын гормондарға тәуелді бронхиалды ентікпе;
Тармақша 8
8) жүректің инкурабельді фонындағы ауруларының ІІ-ІІІ дәрежедегі тұраланған жүрек кемістігі;
Тармақша 9
9) туа біткен, тұқым қуалайтын, кейіннен пайда болған ауруларға байланысты бауыр функциясының қайтымсыз айқын бұзылуы;
Тармақша 10
10) 3-5-сатылы бүйректің созылмалы ауруы (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі), қатерлі гипертония, бүйректің асқынған қантсыз диабеті;
Тармақша 11
11) инкурабельді қатерлі ісіктер;
Тармақша 12
12) орган функциялары бұзылған жағдайда, хирургиялық әдіспен емдеуге келмейтін қатерсіз ісіктер;
Тармақша 13
13) организм функцияларының айқын білініп бұзылуына әкеп соғатын органдар мен жүйелердің болмауы (туа біткен немесе кейін пайда болған) немесе дамуы айқын жетілмеген кезде туындайтын патологиялық жай-күй;
Тармақша 14
14) аяқ-қолдың бір немесе бірнеше буынының деңгейіне қарамастан келте болуы;
Тармақша 15
15) өз еркімен жүріп-тұру немесе өзін өзі күту қабілетінің өте айқын шектелуі кезінде анкилоздарға, контрактураларға, патологиялық сынуға, скелеттің қисаюына әкеп соғатын скелет сүйектерінің жүйелі зақымдануы және тірек-қозғалыс аппаратының дамуындағы ақаулар;
Тармақша 16
16) ішкі секреция функцияларының жетіспеушілігі салдарынан организм функцияларының айқын білініп бұзылуы: қалпына келмейтін кейінгі тамырлы асқынуларымен дамыған (препролиферативті және пролиферативті ретинопатия, ІІІ дәрежедегі нефропатия, қайталама асқынуларымен және қалпына келмейтін бұзылулармен перифериялық, автономиялық немесе ауырсынатын түрдегі нейропатия, «диабеттік аяқ басы» синдромы) қант диабетінің барлық түрлері, қантсыз диабет (питуитрин-резистентті түрі), гипофиздің гармоналды белсенді ісіктері (гигантизм, Иценко-Кушинг ауруы, пролактинома), туа біткен, пайда болған, оның ішінде операциядан кейінгі, гипопитуитаризм, саматотропинмен емдеуге рефрактелік кезінде гипофизарлы нанизм; бүйрек безінің созылмалы жеткіліксіздігі (Аддисон ауруы, адреналэктомиядан кейінгі жағдай, бүйрек безінің туа біткен дисфункциясы), туа біткен немесе пайда болған гипотиреоздың ауыр түрі, туа біткен немесе кейіннен пайда болған гиперпаратиреоз және гипопаратиреоз, хромасомды аномалияның салдарынан туа біткен жыныстық жіктеудің бұзылуы;
Тармақша 17
17) созылмалы лейкоз, гистиоцитоз;
Тармақша 18
18) қан өндірудің орташа және ауыр дәрежедегі туа біткен және кейіннен пайда болған гипо- және апластикалық жай-күйлері (гемоглобин 100 г/л төмен, тромбоциттер 1 куб миллиметрде (бұдан әрі – 1 куб. мм) 100 мыңнан төмен, лейкоциттер 1 куб. мм 4 мыңнан кем);
Тармақша 19
19) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлері, ауыр геморрагиялық криздер үздіксіз қайталанып отыратын созылмалы тромбоцитопеникалық пурпура (қандағы тромбоциттер саны 50 мың және 1 куб. мм-ден кем);
Тармақша 20
20) алғашқы иммундық тапшылық жағдайы. Ауыр аралас иммундық жеткіліксіздік, агамма- және гипогаммаглобулинемия, лимфа байланыстарының, өкпенің, бауырдың, басқа да органдардың бактериямен зақымдалуын тудыратын септикалық гранулематоз;
Тармақша 21
21) қан сарысуындағы Е иммунноглобулиннің бір литрде 1000 КЕД артық концентрациясымен тері асты клетчаткаларының, өкпенің, бауырдың және басқа да органдардың көбіне «салқын» абсцестерін тудыратын Е гипериммунноглобулинемия синдромы;
Тармақша 22
22) пайда болған иммунитет тапшылығы, адамның туа біткен иммундық тапшылық жай-күйлерінің айқын көрінісі;
Тармақша 23
23) туа біткен және пайда болған анофтальм, бір көздің немесе екі көздің толық көрмеуі;
Тармақша 24
24) мукополисахаридоз;
Тармақша 25
25) терінің тұқым қуалайтын аурулары (полидиспластикалық (дистрофиялық), туа біткен буллезді эпидермолиздің қатерлі түрлері, ихтиозиформды эритродермия);
Тармақша 26
26) тиісті гендерде мутацияларды растай отырып, генетикалық талдау болған кезде қозғалыс функцияларының бұзылуымен және (немесе) бульбар функцияларының бұзылуымен, бұлшықет атрофиясымен сипатталатын үдемелі бұлшықет дистрофиясы, туа біткен миопатия, туа біткен нейропатия, жұлын бұлшықет атрофиясы;
Тармақша 27
27) Даун синдромы – кариотиптік талдау негізінде расталған, 21 жұпты хромосомамен трисомия түрінде кариотип бұзылуымен хромосомдық патология;
Тармақша 28
28) генетикалық растайтын диагнозымен Ретта синдромы;
Тармақша 29
29) қайта куәландыру кезінде балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атиптік аутизм – өзара әлеуметтік өзара іс-қимыл мен әлеуметтік коммуникацияға бастамашылық жасау және қолдау қабілетсіздігімен, мінез-құлықтың шектеулі қайталанатын және стереотипті нысандарымен, интеллектуалдық дамудың бұзылуымен немесе бұзылмауымен, сөйлеу функциясының бұзылуымен немесе бұзылмауымен психикалық дамудың бұзылуы.