О внесении дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 «Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары: мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: «11-3. Техникалық жол берілетін ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде «Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді қамтамасыз етеді. 📌 Ескерту. Автокөлік құралдарының меншік иелері, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында автокөлік құралдарын иеленетін тұлғалар, сондай-ақ автокөлік құралын экипажымен қоса жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, автокөлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар осы тармақтағы автокөлік құралдарының иелері деп танылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі