О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 6-3/597 «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамыры № 185 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары/Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары/Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы/Шымкент каласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші)) айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
Тармақша 3
3) өтінім – АШТӨ-нің су беру жөніндегі көрсететін қызметтер құнын өтеуге субсидиялар алуына арналған электрондық өтінімі;
Тармақша 4
4) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;
Тармақша 5
5) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
Тармақша 7
7) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
Тармақша 8
8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, субсидиялар алу өтінімін тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 9
9) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
Тармақша 10
10) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе
Тармақша 11
11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
Тармақша 12
12) танаптың электрондық картасы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан, бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егістер туралы ақпаратты және спутниктерден алынатын жерді қашықтықтан зондтау деректерін қамтитын танап туралы ақпарат;
Тармақша 13
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Субсидия алушылар су берушіден суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған және оларға ақы төлеу бойынша шығын шеккен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) болып табылады.
Тармақ 4
4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде анықталады.
Тармақ 5
5. Жеткізілген судың (1) бір текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы Заң) сәйкес бекіткен тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 бір м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алу үшін су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған айырманы су берушіге АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алғаннан кейін төлейді. Бұл ретте, субсидия төлеудің барлық талаптары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.
Тармақ 6
6. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар, қала, астана әкімінің қолы қойылған, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға ұсынады. Бұл ретте субсидиялар көлемі азайған жағдайда Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияның көлемін азайту негіздемесін Министрлікке мақұлдануға жолдайды. Мақұлданған субсидия көлемін тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей Министрлік тиісті ілеспе хатпен қайтарады.
Тармақ 7
7. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаментімен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.
Тармақ 8
8. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.
Тарау 2. 2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі
2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Субсидиялар алу талаптары
1-параграф. Субсидиялар алу талаптары
Тармақ 9
9. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
Тармақша 1
1) АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі. Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Ауыл шаурашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында 2-қосымшаға сәйкес баяндалған. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады; Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз едеті.
Тармақша 2
2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеуді өздігінен жүзеге асыра алады, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол мұндай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
Тармақша 3
3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) жеке шотының болуы;
Тармақша 4
4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын су алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
Тармақша 5
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінің бүкіл егістік алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының тіркелуі.
Тармақ 2. 2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
Тармақ 10
10. Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері қосылған құн салығымен (бұдан әрі – ҚҚС) қоса күріш жүйелеріне арналған тарифтің 50 пайызын (бұдан әрі – %) құрайды. Басқа АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін жеткізілген судың 1 (бір) м3 арналған субсидиялар суару, су беру тәсілдеріне қарамастан, тарифтерге % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды: м3-іне 0,4 теңгеден (нөл бүтін оннан төрт) 2,0 (екі) теңгеге дейін - 60 % м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін - 65 % м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін - 70 % м3-іне 9,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін - 75 % м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін - 80 % м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары - 85 % Субсидиялар мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің тиісті аумақтық департаменті Табиғи монополиялар туралы Заңына сәйкес бекіткен тариф пен су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) теңге) арасындағы айырма (тарифтың субсидияланатын бөлігі) алынады. Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: S = (T-Smin)*%, тарифтерді бекітілген ң мөлшерлеріне сәйкес, мұнда: S – сатып алынған суаратын судың м3 теңге субсидия мөлшері; T – бекітілген тариф, (ҚҚС-ны қоса алғанда) м3 теңге; Ескертпе: егер, су беруші ҚҚС төлеуші болып табылса және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген болса. Smin – су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны (м3-іне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) теңге); Күріш жүйелері үшін субсидиялау көрсетілетін қызметтердің ең төменгі (субсидияланбайтын) құны есепке алынбай көзделеді.
Тармақ 11
11. Субсидияланатын суаратын судың көлемі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.
Тармақ 3. 3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 12
12. Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана қалалары әкімдігінің интернет-ресурсында және одан кейін тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыру орналастырады.
Тармақ 13
13. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – «жеке кабинет») қолжетімділік беру үшін: АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) ақпараттық жүйеде өздігінен тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс; Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерінің өзектендірілген тізімдерін жолдайды.
Тармақ 14
14. «жеке кабинетте» тіркелу үшін АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) мыналарды көрсетеді:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар (оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар) үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы – заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
Тармақша 3
3) байланыс деректері (пошталық мекенжай, телефон, е-mail);
Тармақша 4
4) екінші деңгейлі банктегі субсидиялар алуға арналған банктік шоттың деректемелері. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) жоғарыда көрсетілген деректерін өзгерткен жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.
Тармақ 15
15. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімді қалыптастыруы мен тіркеуі «жеке кабинетте» АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) тұрғылықты жері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) атына мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 9-тармағы талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесі тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) өтінім АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушы) ЭЦҚ-мен қол қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) «жеке кабинетінде» қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскен туралы электрондық хабарлама жолданады.
Тармақ 16
16. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) веб-порталда өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растауға міндетті. Бұл хабарлама АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) АШТӨ-ден (көрсетілетін қызметті алушылардан) жауапты қызметкері өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің деректердің растығын тексереді.
Тармақ 18
18. Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты қызметкері осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғанын растағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылардан) «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік және тиімділікті бағалау
3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік және тиімділікті бағалау
Тармақ 19
19. Субсидиялау жөніндегі ақпарат Министрлікке онлайн-режимде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне тиісінше қол жеткізу жолымен веб-портал арқылы беріледі.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы аумағында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құны субсидияларын алған тұлғаларға қатысты бақылау мен мониториг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Басқарманың (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шығым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушының) шығымы: жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Жергілікті атқарушы органның уәкілетті рганның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын юағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:
Тармақша 1
1) шығым бойынша қосымша зердеулеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу үшін;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 1-1
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Облыстың ауыл аруашылығы басқармасына/ Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына/ Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына/ Шымкент каласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші _________________________ _____________________________________________________________________ (АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылардың) атауы, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)
Тармақ 2
2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) өтінім берушінің мекенжайы _____________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)
Тармақша 2
2) өтінім берушінің деректемелері _______________________________|___ (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ заңды тұлғалар үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
Тармақша 3
3) жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіруші және (немесе) құқық белгілеуші құжат _______________________________________________________________ кадастрлық нөмірі
Тармақ 4
4. Суару көзі туралы мәлеметтер:
Тармақша 1
1) су көзінің атауы_______________________________________________ өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш
Тармақша 2
2) су берушінің тарифі (теңгемен)__________________________________
Тармақша 3
3) су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы су берушімен жасалған шарттың нөмірі және күні___________________________
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі:
Тармақша 1
1) егілетін дақыл_____________________________________________
Тармақша 2
2) егіс алаңы, гектар___________________________________________
Тармақша 3
3) су тұтыну көлемі, мың текше метр_____________________________
Тармақша 4
4) суару тәсілі________________________________________________
Тармақша 5
5) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарының көлтабандарында өсірілетін көпжылдық шөптерді суару үшін су көтеру, мың текше метр ____________________________________________________________
Тармақ 6
6. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) субсидиялар алуға арналған екінші деңгейлі банктегі банктік шоттың деректемелері ____________________________________________________________
Тармақша 2
2) банктік-сәйкестендіру коды (БСК)_____________________________
Тармақша 3
3) корреспонденттейтін шот (К/С)_______________________________
Тармақша 4
4) (БСН)_____________________________________________________
Тармақша 5
5) Бенефициар коды (Кбе)_____________________________________
Тармақ 7
7. Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары ______________ нөмірі Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Өтінім беруші 20 жылғы « » сағат 00:00-де қол қойып, жіберді. Электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) алынған деректер ЭЦҚ - ның қойылған күні мен уақыты Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама: Өтініш 20 жылғы « » сағат 00:00-де қабылдады. ЭЦҚ - дан алынған деректер ЭЦҚ - ның қойылған күні мен уақыты
Басқа 1-2
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілген қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде. 4 Көрсету нысаны мемлекеттік қымет көрсетудің Электрондық. 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Субсидия алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін. 7 Жұмыс кестесі 1) Портал арқылы жүгінген кезде – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтінімдер қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 2) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден бастап жұманы дейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында су беру жөніндегі қызметтерге субсидия алуға өтінімді ұсынады. 9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 тіркелен) бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.mоа.gov.kz Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Басқа 1-3. Субсидия беру туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан Субсидия беру туралы хабарлама Құрметті _________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.
Басқа 1-4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама Құрметті __________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.