О внесении изменений и дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 746 «Об утверждении Положения и регламента согласительной комиссии» Күшін жойған
Басқа 0
«Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12593 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссия функциялары:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы мен онда келтірілген бұзушылықтар фактілерінің дәлелдемелері тұрғысынан қарау;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;
3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарау;
4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының Регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылықтарын қарау кезінде Комиссия мүшелері тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша өз пікірін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып білдіреді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Комиссияның қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.