Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»

Бұйрық · № 347 · қабылданған 27.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-9-171-ekb-173286/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса» Қолданыста Бұйрық ·№ 347 ·27.10.2022
27.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»

Қолданыста Бұйрық ·№ 347 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса»
Атауы (қаз.)
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
27.10.2022
Көрсетілген редакция
27.10.2022 173286_605696.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030337
ЭКБ идентификаторы
173286
Редакция идентификаторы
173286_605696
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:16

0 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлері бойынша және мынадай шарттарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі – %) аспайды. 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепілдікті субсидиялауға жол беріледі;
2) кредит мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайта отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;
4) кредит валютасы – теңге;
5) жеңілдікті кезең өткеннен кейін негізгі борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен;
6) ең жоғары сомасы 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден артық емес;
7) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі борыш сомасының 85 (сексен бес) %-ына (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден аспайды. Жобаны пайдалануға бергеннен кейін кепілдік мөлшері осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мөлшерге дейін төмендейді.
Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Жоба бойынша ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және/немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылдау-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі.
Кепілгер екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып және кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдендіру әдісін қолданады. Банкті таңдауды кепілгер дербес жүзеге асырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай шарттарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады:
1) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын мөлшерде;
2) ең жоғары сомасы 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды;
3) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-қосымшада жазылған.
Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы кепілдендіру бойынша субсидиялауға өтінім берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және тексеру қорытындылары бойынша Қаржыландыру жоспарына сәйкес «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін кепілдендіру бойынша субсидияны төлеуге арналған төлем шотын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарламаны (бұдан әрі – субсидияны аудару туралы хабарлама) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама) дайындайды.
Субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде кепілгер көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепілгердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтінім берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және тексеру қорытындылары бойынша Қаржыландыру жоспарына сәйкес сақтандыру сыйлықақысы бойынша субсидияны сақтандыру ұйымының банктік шотына аудару үшін «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы субсидияны аудару туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны дайындайды.
Субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу кезінде сақтандыру ұйымы көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепілгердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетіне жіберіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиалық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық стратистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
1-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Кепілдендіру бойынша субсидия алуға арналған өтінім
(Кімге) _________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
(кімнен) ________________________________________________________________________________
(кепілгердің толық атауы)
Осымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепілдік беруге уәкілетті еншілес ұйымы (бұдан әрі – Кепілгер) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес Кепілгер _____________________________________________________________________________________________
(қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі (бұдан әрі – қарыз алушының аты-жөні)/атауы)
және ________________________________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) атауы арасында кепілдік шартына қол қойылғанын хабарлайды.
Кепілдік кредиттік шарт бойынша ______________________________________________________
(қарыз алушының аты-жөні/атауы)
____________________________________________________________________________________
(банктің атауы)
алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты сізден _________ (кепілдеме сомасынан 29,9 (жиырма тоғыз бүтін оннан тоғыз) пайыз (бұдан әрі – %) мөлшеріндегі субсидияны мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз:
Төлемді тағайындаған кезде қарыз алушының аты-жөні/атауын және кепілдік құны аударылатын кепілдік шартының күнін көрсетуді сұраймыз.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Аты-жөні/атауы ________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________________________________
Басшының аты-жөні ____________________________________________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: __________________________________________
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код (ЭҚТЖК):__________________________________________________________
2. Екінші деңгейдегі банктегі шот бойынша мәліметтер:
БСН __________________________________________________________
Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: _________________________________________________
БСК (банктік сәйкестендіру коды) ________________________________
ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) __________________________________
БСН _________________________________________________________
Кбе__________________________________________________________
3. Банк пен қарыз алушы арасында жасалған кредит шарты (бұдан әрі – КШ) туралы мәліметтер:
Р/с №
КШ
(нө­мі­рі және кү­ні)
Қарыз алушы­ның ата­уы
Қарыз алушы­ның ЖСН-і/БСН-і
Өнім (қар­жы­лан­ды­ру) тү­рі (кре­дит неме­се кре­дит же­лі­сі)
1
2
3
4
5
кестенің жалғасы
Кре­дит­тің/ кре­дит же­лі­сі­нің со­ма­сы және ва­лю­та­сы
Кре­дит бе­ру мақ­са­ты
Кре­дит­тің/ кре­дит же­лі­сі­нің мер­зі­мі
Сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, %
6
7
8
9
4. Кепілдік шарты (бұдан әрі – КепШ) туралы мәліметтер:
Р/с №
КепШ
(нө­мі­рі және кү­ні)
Қарыз алушы­ның ата­уы
Қарыз алушы­ның ЖСН-і/ БСН-і
Ке­піл­дік со­ма­сы, тең­ге
Ке­піл­дік мер­зі­мі, жыл
1
2
3
4
5
6
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғанымыз үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге келісім береміз.
Кепілгер 20 __ жылғы «___» _________ сағат ___-де қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20 __ жылғы «___» ___________ сағат ____ қабылдады.
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты

2 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Пор­тал­ға жү­гін­ген сәт­тен ба­стап:
ке­піл­ден­ді­ру бой­ын­ша суб­си­дия алу­ға ар­нал­ған өті­нім­дер бой­ын­ша – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні;
сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­у­ға өті­нім­дер бой­ын­ша – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Осы Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша суб­си­ди­я­ны ауда­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­нім­дер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Ке­піл­дік бе­ру бой­ын­ша суб­си­дия алу үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 9-1/71 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12183 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің қары­зда­рын ке­піл­ден­ді­ру мен сақ­тан­ды­ру шең­бе­рін­де суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ке­пі­л­гер­дің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ке­піл­дік бе­ру бой­ын­ша суб­си­дия алу­ға өті­нім бе­рі­ле­ді.
Сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша суб­си­дия алу үшін сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған өті­нім бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ке­пі­л­гер/сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) ке­пі­л­гер­дің/сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен субъ­ек­ті­ле­рі­нің қары­зда­рын сақ­тан­ды­ру шең­бе­рін­де суб­си­ди­я­лау шар­ты­на қол қою ке­зін­де дер­бес де­ректер­ді жи­на­у­ға, өң­де­у­ге, сон­дай-ақ олар­ды биз­не­сті мем­ле­кет­тік қол­дау ша­ра­ла­ры­ның субъ­ек­ті­лік мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сін құ­ру жө­нін­де­гі жо­ба шең­бе­рін­де бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ға сұ­ра­ным бой­ын­ша бе­ру­ге ке­лі­сім бе­ре­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 77 77.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) ти­іс­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың www.​egov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­ры­ның бі­рың­ғай плат­фор­ма­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

3 Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 347 бұйрығына
3-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
9-1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: № 1-ГЗ нысан
Кезеңділік: тоқсан сайын, жыл сайын
Есепті кезең: 20 __ жылғы ___ тоқсан, 20 __ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей
Р/с№
Қарыз алушы­ның ата­уы
Қарыз алушы­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тің ата­уы
Қар­жы­лан­ды­ру мақ­са­ты
Ке­піл­дік бе­ру ту­ра­лы шар­ттың нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ке­піл­дік бе­ру ту­ра­лы шар­ттың кү­ні
Негіз­гі бо­рыш со­ма­сы­нан ке­піл­дік мөл­ше­рі, %
Кре­дит со­ма­сы,
мың тең­ге
Ке­піл­дік со­ма­сы,
мың тең­ге
Ко­мис­сия со­ма­сы,
мың тең­ге
7
8
9
10
11
Басшы 20__ жылғы «__» __________сағат _____де қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер.
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.
«Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Қарыздарға кепілдік беру жөніндегі субсидиялардың нақты пайдалануы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – ЖАО-ның ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жауапты орындаушысы) толтырады.

3 3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

4 4. Нысанды: ЖАО-ның ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ жыл сайын, күнтізбелік жылдың 20 (жиырмасыншы) қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

5 5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

6 6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

7 7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

8 8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

9 9. 4-бағанда екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі.

10 10. 5-бағанда қаржыландыру мақсаты көрсетіледі.

11 11. 6-бағанда кепілдік беру туралы шарттың нөмірі көрсетіледі.

12 12. 7-бағанда кепілдік беру туралы шарттың күні көрсетіледі.

13 8-бағанда негізгі борыш сомасынан кепілдік мөлшері көрсетіледі.

14 14. 9-бағанда кредит сомасы көрсетіледі.

15 15. 10-бағанда кепілдік сомасы көрсетіледі.

16 16. 11-бағанда комиссия сомасы көрсетіледі.

Қолданыстағы