О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 9-1/71 «Об утверждении Правил субсидирования в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықтың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында: 3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) банктер, еншілес ұйымдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдары инвестицияларға не жаңартылатын негізде қаржыландыруды қоса алғанда, инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі -%) аспайды;»; 4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) кепілдік мерзімі - ұзарту мүмкіндігімен кредиттік шарт мерзімінің 5 (бес) айынан асатын мерзім;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Кепілдік мөлшері - негізгі борыш сомасынан 85 (сексен бес) %-ға дейін (қоса алғанда), бірақ осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды». 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепілдік мөлшері жоба пайдалануға берілгенге дейін негізгі қарыз сомасынан 85 (сексен бес) %-ға (қоса алғанда) дейін, бірақ 2 550 000 000 (екі миллиард бес жүз елу миллион) теңгеден аспайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін және оны қарыз алушы кредиторға кепілге бергеннен кейін кепілдік мөлшері борыш сомасынан 50 (елу) % -ына дейін (қоса алғанда), бірақ 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден артық емес, мөлшерге дейін төмендейді. Басым инвестициялық жобалардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған. Жоба бойынша ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға беру актісін уәкілетті органда тіркеу және (немесе) уәкілетті органда техниканы тіркеу және/немесе құны жоба құнының кемінде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтерді қабылдау-беру актісіне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледі. Кепілгер екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып және кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, портфельдік кепілдендіру әдісін қолданады. Кредиторды таңдауды кепілгер дербес жүзеге асырады.»; 5-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5-3. Осы Қағидалардың 3-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде, кепілгер кепілдік сомасын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредит сомасына барабар төмендету туралы шешім қабылдайды. Осы Қағидалардың 3-1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті толық мақсатсыз пайдаланған жағдайда, кепілгер кепілдікті тоқтатады. Осы Қағидалардың 3 және 3-2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша кредитті нысаналы пайдаланбау кепілдік міндеттемесін тоқтатуға немесе берілген кепілдік сомасын төмендетуге негіздеме болмайды».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі министрлігі