О внесении изменений в постановление акимата Исатайского района от 30 мая 2016 года № 108 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған
Басқа 0
Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3548 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Абежанға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Исатай ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 267 қаулысына қосымша
Исатай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 108 қаулысына қосымша
Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
Тармақша 2
2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;
Тармақша 3
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 4
4) мейіргер;
Тармақша 5
5) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 6
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
Тармақша 7
7) тәрбиеші;
Тармақша 8
8) логопед;
Тармақша 9
9) психолог;
Тармақша 10
10) дефектолог;
Тармақша 11
11) әдіскер;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
Тармақша 13
13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
Тармақша 14
14) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 15
15) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 16
16) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
Тармақша 3
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
Тармақша 6
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
Тармақша 7
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 8
8) әкімші (негізгі қызметтер);
Тармақша 9
9) аккомпаниатор;
Тармақша 10
10) концертмейстер;
Тармақша 11
11) библиограф;
Тармақша 12
12) кітапханашы;
Тармақша 13
13) дыбыс режиссері;
Тармақша 14
14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
Тармақша 15
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 16
16) ұжым (үйірме) басшысы;
Тармақша 17
17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 18
18) музыкалық жетекші;
Тармақша 19
19) музыкалық әрлеуші;
Тармақша 20
20) редактор (негізгі қызметтер);
Тармақша 21
21) режиссер;
Тармақша 22
22) қоюшы режиссер;
Тармақша 23
23) хореограф;
Тармақша 24
24) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 25
25) барлық мамандықтағы инженер;
Тармақша 26
26) инспектор;
Тармақша 27
27) костюмер;
Тармақша 28
28) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.