О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 30 ноября 2016 года № 6С-8/6-16 «О повышении (понижении) ставок земельного налога на земельные участки сельских населенных пунктов Ерейментауского района» Күшін жойған
Басқа 0
Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 «Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 6С-8/6-16 «Ерейментау ауданы ауылдық елді мекендерінің жер учаскелеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5657 болып тiркелген, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық «Ереймен» газетiнде, 2017 жылғы 14 қаңтарында аудандық «Ерейментау» газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 510-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша «жоғарылату», «(төмендету)», «жоғарылатылсын» ,«(төмендетілсін)» сөздері «арттыру», «(азайту)», «арттырылсын» , «(азайтылсын)» сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
24 қаңтар 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы Ж. Тубеков
24 қаңтар 2018 жыл