О внесении изменений в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» и от 29 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-333/2020 «Об утверждении пра Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы
29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы №478 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
10. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.»;
16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (бұдан әрі – № 224 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар және микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері және № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша төлеу (аудару) мерзімі № 224 қаулыға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ставкаларына «0» түзету коэффициентін қолданатын ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімдерін қордың цифрлық жүйесіне жібереді.»;
20-1-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) немесе өзге де заңды тұлғалар табыс төлеген кезде жүзеге асырады.»;
39-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
46 және 46-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1 бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
46-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық жүйелері мен «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры деректерінің негізінде Қор ай сайын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке жүгінген, Заңның 26-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдарға қатысты, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының деректері бойынша айқындалатын тұрақты тұрғылықты жері бойынша, жүгіну күні тиесілі айдан кейінгі айдың екі жұмыс күні ішінде осындай адамдардың санына қажеттілікті қалыптастырады;»;
47-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген жарналарды төлеуден босатылған адамдарға жергілікті бюджеттен МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға ай сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.»;
49-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);
8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ведомстволық автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекминінің АЦЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі цифрлық жүйе;»;
12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) электрондық өтініш – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанында МӘМС аударымдарын, жарналарын және (немесе) жарналарын уақтылы және(немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және(немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтаруға арналған өтініш;
13) «цифрлық үкімет» операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
14) «цифрлық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын цифрлық жүйе;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Saqtandyrý» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Saqtandyrý» ЦЖ) –медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін автоматтандырылған режимде айқындайтын цифрлық жүйе.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті мемлекеттік орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы», «цифрлық үкімет» операторын міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы мен ведомствосын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Портал арқылы қалыптастырылатын құжаттары бар электрондық өтініш мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінде төлеушінің порталда көрсетілген деректемелерінің МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар төленген жиынтық төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтеді.
Төлеуші портал арқылы өтініш берген кезде өтінімге басшының не төлемді өз пайдасына жүзеге асырған тұлғаның ЭЦҚ-ы қойылады.
Порталдағы деректер сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші(-тері) «Saqtandyrý» ЦЖ-не түседі. «Saqtandyrý» ЦЖ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ҚР Еңбекминінің АЦЖ және электрондық өтінішті тіркеу туралы хабарламаны қалыптастырады және жібереді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21977 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
1-қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-Қ
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезең: _____20__ж
Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
*Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.
Мекеме 226
Бағдарлама 002
Кіші бағдарлама
Ерекшелігі 361
Төлем түрі
Жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны (нақты деректер)
Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге
Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін республикалық бюджеттен мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер
оның ішінде:
балалар
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар
жұмыс істемейтін мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
жұмыс істемейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны алушылар
зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар
тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар
жұмыс істемейтін қандастар
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
мүгедектігі бар адамдар
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтін адамдар
Жалпы
Атауы________________________ Мекенжайы____________________________
Телефоны
Электрондық пошта мекенжайы/
Орындаушы
______________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
«20_ жылғы __________ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)»
(индекс – 1-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
«20_ жылғы __________ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)»
(индекс – 1-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
2. 1-бағанда 226-мекеме көрсетіледі;
3. 2-бағанда 002 бағдарламасы көрсетіледі;
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
5. 4-бағанда 361 ерекшелігі көрсетіледі;
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
7. Кестенің 6-бағанында жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақысы, теңгеде көрсетіледі.
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
2-қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-Қ
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезең: _____20__ж
Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
*Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Кіші бағдарлама
Ерекшелік
Төлем түрі
Адам саны (нақты деректер)
Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге
Жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін мемлекеттің жергілікті бюджеттен міндетті медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер
Атауы________________________ Мекенжайы________________________
Телефоны
Электрондық пошта мекенжайы/
Орындаушы ____________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 2.1. «20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индекс – 2-Қ, кезеңд
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша
«20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(индекс – 2-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
Тармақ 2
2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
Тармақ 8
8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
3 қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 3-Қ
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезең: _____20__ж
Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Қор ай сайын қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
*Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Бағдарлама
Кіші бағдарлама
Ерекшелік
Төлем түрі
Саны, адам
Қорға төленуге тиісті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, пайыз
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылы алдындағы орташа айлық жалақы, теңге
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жергілікті бюджеттен мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер
оның ішінде:
Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар
Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының мүшкіл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар
Жалпы
Атауы________________________ Мекенжайы____________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы______________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 3.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)»
(индекс – 3-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинау нысанына
қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)»
(индекс – 3-Қ, кезеңділігі – ай сайын)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
Тармақ 2
2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
Тармақ 8
8. 7-бағанда Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 4. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
4-қосымша
Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару
2.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
3.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор).
4.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы
5.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
1) Мемлекеттік корпорация – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы – 10 (он) жұмыс күні
6.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электрондық (ішінара цифрландырылған) және/немесе қағаз
7.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы
8.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9.
Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу графигі
1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республиканың Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа;
2) Қордың жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштер Мемлекеттік корпорация арқылы және портал арқылы беріледі;
3) Портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
төлеуші қайтаруға өтініш берген кезде Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес пайдасына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға өтініш берген кезде келісім беру туралы өтініш.
2) портал арқылы сұрау салу кезінде:
өтініш;
төлеуші қайтаруға пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш:
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жіберіледі және сақталады.
11.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тармағында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
12.
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде немесе электрондық нысанда көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Басқа 5. Электрондық өтінішті «цифрлық үкімет» веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
5-қосымша
Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
Электрондық өтінішті «цифрлық үкімет» веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама
Сіздің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге № __________________ өтінішіңіз (электрондық өтініштің нөмірі) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберілді. Өтініштің мәртебесі қарауда.
Басқа 6. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 80 Бұйрыққа
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-333/2020
бұйрығымен бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 66) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) ақпарат алмасу – бір цифрлық жүйеден екіншісіне деректерді қабылдау және беру процесі;
Тармақша 3
3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, Қорға аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 5
5) Қордың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – Қордың ЦЖ) – Қордың процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 6
6) міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға.
Тармақ 3
3. Заңның 5-бабына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін Қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.
Тармақ 4
4. МӘМС жүйесі шеңберінде Қор тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді Қордың ЦЖ-да Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйелерінен келіп түсетін Мемлекеттік корпорацияның деректері немесе мәліметтері, электрондық түрде ұсынылатын өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері туралы деректер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының цифрлық жүйелері, Қордың ЦЖ арасында деректер алмасу Қазақстан Республикасының цифрлық, мемлекеттік құпиялар және дербес деректерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес интернет желісін қоса алғанда, бөлінген немесе ашық байланыс арналары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат ақпарат алмасуға жатпайды.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 5-тарауында көзделген деректерді қоспағанда, тұтынушылар санаты бойынша деректер күн сайын автоматтандырылған режимде жаңартылады.
Тармақ 7
7. Егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көрсетілген адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелерінің деректерін қалыптастыру көздері болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ОАМ) цифрлық жүйесінен мәліметтер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) цифрлық жүйесінен мәліметтер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) мемлекеттік дерекқорының мәліметтері;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) цифрлық жүйесінен мәліметтер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ) цифрлық жүйесінен мәліметтер;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан мәліметтер;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК) цифрлық жүйесінен мәліметтер.
Тармақ 8
8. Қордың ЦЖ-да тұтынушыны есепке алуды жүргізу осы Қағидалардың 5-тарауында көрсетілген тұтынушылар санатын қоспағанда, Мемлекеттік корпорациядан келіп түсетін деректер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көрсетілген адамдар Қордың ЦЖ-да тұтынушы ретінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген деректерді қалыптастыру көздері тиісті санатты берген күннен бастап есепке алынады. Адамды мемлекет төлейтін адамдар санатынан алып тастау туралы мәліметтер Қордың ЦЖ-ға келіп түскен жағдайда, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш ай бойы сақталады.
Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1 бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттен жарналар түспеген жағдайда МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан аспайтын кезеңге сақталады.
Тармақ 10
10. Заңның 14-бабы 2-тармағының 1) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар Қордың ЦЖ-да тұтынушы ретінде Қордың ЦЖ-ға төлем күнінің алдындағы он екі ай ішінде аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы мәліметтер болған кезде әр айға айдың бірінші күнінен бастап есепке алынады.
Аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген жағдайда, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан аспайтын кезеңге сақталады.
Жарналарды үздіксіз төлеген және (немесе) олар үшін аударымдарды алпыс ай ішінде төлеген тұлғалар (осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімге МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды.
Тармақ 11
11. Заңның 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тұлғалар Заңның 5-бабы 3-2-тармағына сәйкес Қордың ЦЖ-да жарналар төленген күннен бастап Қордың ЦЖ-да тұтынушы ретінде есепке алынады.
Тармақ 12
12. Заңның 28-бабы 7-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар Қордың ЦЖ-да тұтынушы ретінде олар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап есепке алынады.
Тармақ 13
13. Қордың ЦЖ-да, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде техникалық ақаулар туындаған жағдайда жеке тұлғаға МӘМС жүйесінде тұтынушы мәртебесі цифрлық жүйелер түзетілгенге дейін сақталады.
Тармақ 14
14. Тұтынушы туралы ақпарат медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру көзін одан әрі айқындау үшін медициналық цифрлық жүйелерге және өзге де цифрлық жүйелерге сұрау салу бойынша Қордың ЦЖ-дан ұсынылады.
Тармақ 15
15. Қордың ЦЖ-да Заңның 14-бабына сәйкес төлеуші болып табылатын тұтынушыларды есепке алу мынадай мәліметтерді енгізе отырып, автоматты режимде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 3
3) төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
Тармақша 4
4) төлеушінің атауы;
Тармақша 5
5) төлеу мерзімі;
Тармақша 6
6) Қорға төлемнің келіп түскен күні;
Тармақша 7
7) Қорға түскен төлемнің референсі;
Тармақша 8
8) төлем сомасы;
Тармақша 9
9) төлем мақсатының коды.
Тарау 2. 2-тарау. Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 16
16. Мемлекеттің республикалық бюджеттен МӘМС-ке жарналары Заңның 26-бабының 1-тарауында белгіленген адамдар үшін төленеді.
Тармақ 17
17. Мемлекет республикалық бюджеттен жарналар төлейтін адамдар санатының дерекқорын актуалдандыруды Мемлекеттік корпорация ай сайын жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу үшін Қордың ЦЖ-ға автоматты режимде мынадай мәліметтер енгізіледі:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) санат берілген күн;
Тармақша 3
3) санат беру көзі;
Тармақша 4
4) санаттан шығару күні;
Тармақша 5
5) санаттан шығару көзі;
Тармақша 6
6) санаттан шығару себебі.
Тармақ 19
19. Жарналарды олар үшін республикалық бюджеттен мемлекет төлейтін адамдардың санаттары бойынша есепке алуды жүргізу және алып тастау үшін Мемлекеттік корпорациядан деректер Қордың ЦЖ-ға күн сайынғы негізде келіп түседі.
Тармақ 20
20. Адамдардың бірнеше санаты бойынша мәртебесі болған кезде өзі үшін республикалық бюджеттен мемлекет жарналар төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алу мынадай басымдық бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) балалар;
Тармақша 2
2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
Тармақша 4
4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
Тармақша 5
5) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар;
Тармақша 6
6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар;
Тармақша 7
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 8
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
Тармақша 9
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
Тармақша 10
10) жұмыс істемейтін қандастар;
Тармақша 11
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 13
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
Тармақша 14
14) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар санатынан шығару себебі бойынша тұтынушыларды шығарғанға дейін басымдығы бойынша төмен тұрған адамдар санаттары бойынша мәртебенің болуына тексеру жүзеге асырылады.
Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы сақталады.
Тармақ 21
21. Қордың ЦЖ-да осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар санаттары бойынша деректер болмаған жағдайда, Қор оларды мынадай растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға жүгінген күннен бастап бір айға Қордың ЦЖ-ға тұтынушы ретінде енгізеді:
Тармақша 1
1) балалар бойынша – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама (анықтамалар));
Тармақша 2
2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 027/е нысаны бойынша анықтама;
Тармақша 3
3) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар (баланың заңды өкілдерінің бірі) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
Тармақша 4
4) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);
Тармақша 5
5) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 260 бұйрық) нысан бойынша баланың мүгедектігі туралы анықтама, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама (анықтамалар)), «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 214 бұйрық) нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар – №260 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
Тармақша 7
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ардагерлер туралы заң) 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге – Ардагерлер туралы заңның 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;
ардагерлер үшін – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігіне белгі қойылған беттердің көшірмелері;
зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32890 болып тіркелген) нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі;
Тармақша 8
8) жұмыс істемейтін қандастар – «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) нысан бойынша қандас куәлігі және № 214 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;
Тармақша 9
9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталғанын немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алғанын растайтын, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжат;
Тармақша 10
10) мүгедектігі бар адамдар – № 260 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
Тармақша 11
11) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай – ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар - орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама;
Тармақша 12
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жұмыс істемейтін алушылар – «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) сәйкес берілген өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат;
Тармақша 13
13) «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар төлеуден босатылған немесе жұмыс беруші дағдарыстық жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес МӘМС-ке аударымдар және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қатер төндіруі мүмкін адамдардың жеке басын куәландыратын құжат болып табылатын немесе Салық кодексінде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
еңбек кітапшасы;
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;
жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
дуальды оқыту туралы шарт;
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болуы мүмкін.
Тармақ 1. 1-параграф. «Балалар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
1-параграф. «Балалар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік корпорация «балалар» тізімін ҚР ОАМ цифрлық жүйесінен (бұдан әрі – ЦЖ) алынған ҚР Еңбекминінің ЦЖ-нің деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 23
23. ҚР ОАМ ЦЖ-ға балалар туралы деректер ҚР Әділетминінің жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. «Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
2-параграф. «Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік корпорация «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 25
25. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-ға жүкті әйелдер бойынша деректер ҚР ДСМ «Жүкті және бала туатын жастағы әйелдерді тіркеу» ЦЖ-дан (бұдан әрі – ЖжБТЖӘТ ЦЖ) беріледі.
Тармақ 26
26. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) әлеуметтік аударымдардың (бұдан әрі – ӘА) бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тармақ 3. 3-параграф. «Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
3-параграф. «Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 27
27. Мемлекеттік корпорация «бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 28
28. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да некеде тұрған және үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (ата-анасының екеуі де) туралы деректер ата-аналарының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) бір-біріне және баланың ЖСН-ге байланыстыра отырып, Әділетминінің «Азаматтық хал актілерін тіркеу» ЦЖ-дан беріледі.
Тармақ 29
29. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да үш жасқа дейінгі балалардың асырап алушысы (қамқоршысы) екені анықталған адамдар туралы деректер баланың ЖСН және асырап алушысының/қамқоршысының ЖСН-мен бірге байланыстыра отырып ҚР ОАМ ЦЖ-дан беріледі.
Тармақ 30
30. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да ата-аналардың екеуінен де МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)» санаты:
Тармақша 1
1) МЗЖ және (немесе) ӘА жоқ ата-анаға беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін ата-анасының екеуінде де МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияға әкесінен өтініш болмаған жағдайда анасына беріледі;
Тармақша 3
3) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алынады.
Тармақ 4. 4-параграф. «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
4-параграф. «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 31
31. Мемлекеттік корпорация «жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 32
32. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-ға еңбекке жарамсыздығы туралы парақ негізінде жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы адамдар туралы деректер ЖжБТЖӘТ ЦЖ-дан беріледі.
Тармақ 33
33. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да некеде тұрған ата-аналардың екеуінен де МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамд» санаты:
Тармақша 1
1) МЗЖ және (немесе) ӘА жоқ ата-анаға беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін ата-анасының екеуінде де МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияға әкесінен өтініш болмаған жағдайда анасына беріледі;
Тармақша 3
3) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алынады.
Тармақ 5. 5-параграф. «Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
5-параграф. «Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 34
34. Мемлекеттік корпорация «мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 35
35. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырғаннан кейін «мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тармақ 6. 6-параграф. «Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
6-параграф. «Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 36
36. Мемлекеттік корпорация «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 37
37. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны жұмыс істемейтін алушылар» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тармақ 7. 7-параграф. «Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
7-параграф. «Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 38
38. Мемлекеттік корпорация «зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 8. 8-параграф. «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
8-параграф. «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 39
39. Мемлекеттік корпорация «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 40
40. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-ға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, «қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар» туралы деректер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан (бұдан әрі – ҚАЖ ОАД) беріледі.
Тармақ 9. 9-параграф. «Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
9-параграф. «Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 41
41. Мемлекеттік корпорация «тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар» тізімін ҚАЖ ОАД-дан алынған ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 42
42. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-ға Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар туралы деректер ҚР БП ҚСжАЕК-тен беріледі.
Тармақ 43
43. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адам» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тармақ 10. 10-параграф. «Жұмыс істемейтін қандастар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
10-параграф. «Жұмыс істемейтін қандастар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 44
44. Мемлекеттік корпорация «жұмыс істемейтін қандастар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 45
45. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «Жұмыс істемейтін қандастар» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тармақ 11. 11-параграф. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
11-параграф. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 46
46. Мемлекеттік корпорация «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 12. 12-параграф. «Мүгедектігі бар адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
12-параграф. «Мүгедектігі бар адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 47
47. Мемлекеттік корпорация «мүгедектігі бар адамдар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 13. 13-параграф. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
13-параграф. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 48
48. Мемлекеттік корпорация «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар» тізімін ҚР ҒЖБМ ЦЖ-дан алынған ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 14. 14-параграф. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
14-параграф. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 49
49. Мемлекеттік корпорация «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.
Тармақ 50
50. ҚР Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер» санаты:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.
Тарау 3. 3-тарау. Жарналарды олар үшін жергілікті бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі
3-тарау. Жарналарды олар үшін жергілікті бюджеттен мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі
Тармақ 51
51. Мемлекеттің МӘМС-ке жергілікті бюджеттен жарналары Заңның 26-1-бабының 1-тармағында белгіленген адамдар үшін төленеді.
Тармақ 52
52. Мемлекет жергілікті бюджеттен жарналар төлейтін адамдар санатының дерекқорын актуалдандыруды Мемлекеттік корпорация апта сайын жүзеге асырады.
Тармақ 53
53. Өздері үшін жарналарды мемлекет жергілікті бюджеттен төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу үшін Қордың ЦЖ-ға автоматты режимде мынадай мәліметтер енгізіледі:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) санат берілген күн;
Тармақша 3
3) санат беру көзі;
Тармақша 4
4) санаттан шығару күні;
Тармақша 5
5) санаттан шығару көзі;
Тармақша 6
6) санаттан шығару себебі;
Тармақша 7
7) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының деректері бойынша айқындалатын тұрақты тұрғылықты жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік.
Тармақ 54
54. «Субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар» санаты бойынша есепке алуды жүргізу және алып тастау үшін Мемлекеттік корпорациядан алынған деректер Қордың ЦЖ-ға күндетікті негізде түседі.
«Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар» санаты бойынша есепке алуды жүргізу және алып тастау үшін Мемлекеттік корпорациядан алынған деректер Қордың ЦЖ-ға апта сайынғы негізде түседі.
Тармақ 55
55. Жарналарын мемлекет жергілікті бюджеттен төлейтін тұлғалар санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу, оларда бірнеше санаттағы тұлғалар бойынша мәртебесі болған кезде санаттардың мынадай басымдығы бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
Тармақша 2
2) Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар санатынан шығу себебі бойынша адамды тұтынушылар қатарынан алып тастағанға дейін оның басымдығы бойынша төмен тұрған санатқа тиесілігі айқындалады, ол болған кезде адамның МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы сақталады.
Тармақ 56
56. Мемлекеттік корпорация «субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар» тізімін Еңбекминінің ЦЖ-дан алынған деректер негізінде қалыптастырылады. Санатты растау жұмыссыз ретінде есепке қою және (немесе) есептен шығару күні бойынша және салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болмаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Қордың ЦЖ-да субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар туралы деректер болмаған жағдайда, Қор оларды тұтынушы ретінде № 214 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпаратты растайтын құжат ретінде ұсынумен Қорға жүгінген күннен бастап бір айға Қордың ЦЖ-не енгізеді.
Тармақ 58
58. Мемлекеттік корпорация «Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар» тізімін ҚР Еңбекминінің ЦЖ-дан алынған деректер негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 59
59. Еңбекминінің ЦЖ-ға Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар бойынша деректер «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімінен беріледі.
Тармақ 60
60. «Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар» санаты бойынша Еңбекминінің ЦЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘО-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін:
Тармақша 1
1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы үш ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘО бойынша төлем болмаған және Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санаттары бойынша олардың статустары болмаған кезде беріледі;
Тармақша 2
2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы үш ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘО бойынша төлем болған және (немесе) Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санаттары бойынша олардың статустары болған кезде алып тасталады.
Тарау 4. 4-тарау. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері» санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі
4-тарау. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен олардың отбасы мүшелері» санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі
Тармақ 61
61. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетел азаматтары және олардың отбасы мүшелері» тізімін Мемлекеттік корпорация ҚР Еңбекминінің автоматтандырылған «Шетелдік жұмыс күші» ЦЖ, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы ЦЖ деректері негізінде қалыптастырады.
Тарау 5. 5-тарау. «Өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
5-тарау. «Өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері» санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 62
62. «Өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері» санаты бойынша деректер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған берілген өкілеттіктер шеңберінде Қордың ЦЖ-ға Қорғаныс, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Бас прокуратурадан, Мемлекеттік күзет қызметінен, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттігінен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келіп түседі.
Тармақ 63
63. Уәкілетті органдар өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы мәліметтерді Қорға күнтізбелік он төрт күнде бір рет береді.
Тармақ 64
64. Қордың ЦЖ-да «өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері» санаты бойынша тұтынушыларды есепке алу уәкілетті органдардан деректер түскен сәттен бастап мәліметтер келесі берілгенге дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 65
65. Уәкілетті органдар өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құрамы туралы мәліметтер (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, штат санының өзгеруі) өзгергеннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей Қорға өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы мәліметтерді енгізеді.