О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2017 года № 687 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы государственных служащих, дающего право на установление должностного оклада» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 341-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларында: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ «Б» корпусының А-1, А-2, В-1, В-2, С-1, С-2, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін квазимемлекеттік сектор және/немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінде басшы лауазымдарда немесе нақты мемлекеттік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда жұмыс істеген уақыт;»; мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын: «6-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының 8-1) тармақшасында көрсетілген ірі кәсіпкерлік субъектісіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат ірі кәсіпкерлік субъектісі мына өлшемшарттардың біріне немесе екеуіне сәйкес келетіні: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатыны туралы мәлімет болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.