О внесении изменений в совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1040 и нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 4 марта 2019 года № 3-НҚ «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу внешнего государственного аудита и финансового контроля сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, без получения письменного разрешения Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:»; көрсетілген бірлескен бұйрыққа және нормативтік қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары аудиторлық палатаның Әдіснама және сапа бақылауы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 17 ақпандағы № 5 - НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «30» қарашадағы № 1040 бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы «04» наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтiк қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) ұсыну бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кедендік реттеу саласындағы ақпаратқа Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары алған кез келген, cоның ішінде құпия және алдын ала ақпарат жатады. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді осы бірлескен нормативтік қаулыға және бұйрыққа 2-қосымшаға сай бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына ұсынатын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер тізбесіне сәйкес ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиялары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.
Тармақ 4
4. Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірімен:
Тармақша 1
1) қағаз жеткізгіштерде;
Тармақша 2
2) электрондық жеткізгіштерде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Жоғары аудиторлық палатаның ақпараттық жүйелері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл болған кезде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, сондай-ақ электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кірістер органдары Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссиясының сұрау салуын алған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерін орындауы және функцияларын жүзеге асыруы үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын белгіленген тәртіппен сақтай отырып, оларға Мәліметті береді.
Тармақ 6
6. Мәліметті алушы осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының немесе ұйымдарының лауазымды адамдары мемлекеттік кірістер органдарынан не өзге де уәкілетті органдардан алған осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпарат өздерінің міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға жатпайды. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты кедендік бақылауды жүргізуге тартылған мамандар кедендік бақылауды жүргізу кезінде өз міндеттерін орындау кезінде де, ол аяқталғаннан кейін де жария етпеуі тиіс.
Басқа 2. Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 17 ақпандағы № 5 - НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 271 бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «30» қарашадағы № 1040 бірлескен бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы «04» наурыздағы № 3-НҚ нормативтiк қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы ұсынатын мәліметтер тізбесі № Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің атауы 1. Салық төлеушілердің дербес шоттары және олар бойынша деректер 2. Салық төлеушілердің салық нысандары және олар бойынша деректер 3. Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамаларының нормаларын салық төлеушiлердің орындауын салықтық бақылау нәтижелерi туралы мәлiметтер 4. Мемлекеттiк салық төлеушiлер дерекқорынан мәлiметтер 5. Салық төлеушiлер бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару туралы мәлiметтер 6. Салық төлеушiлер бойынша мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi туралы мәлiметтер 7. Салық төлеушiге қолданылған салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары туралы мәлiметтер 8. Салықтық тексеру нәтижелерiне және лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктеріне) шағымдану туралы деректер 9. Салық төлеушілер және салық салынатын объектілер, сондай-ақ салық төлеушілер жүзеге асырған операциялар бойынша мәліметтер ұсынатын уәкілетті органдардың ақпараты 10. Салықтарды және айыппұл санкцияларын есептен шығару (есептен шығару туралы заң және мемлекеттік органдардың актілері қабылданғаннан кейінгі өсімпұлдар мен айыппұлдар) туралы мәліметтер 11. Салық төлеушiлердiң салық есептілігі негiзінде қалыптастырылған талдамалық есептер