Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 мая 2018 года № 156 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»

Қаулы · № 59 · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-156/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 мая 2018 года № 156 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации» Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·19.03.2020
18.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 мая 2018 года № 156 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 30 мая 2018 года № 156 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
18.03.2021 140769_520725.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SJ006126
ЭКБ идентификаторы
140769
Редакция идентификаторы
140769_520725
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:33

0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 маусымда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4765 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімінің
2020 жылғы 19 наурызы № 59
Қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 30 мамырдағы № 156
қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы
Ұйымдардың атауы
Жұмысшылардың тізім бойынша
саны (адам)
Жұмысшылардың тізім бойынша санынан квотаның мөлшері
(пайыз бойынша)
Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам)
«СМ спецтехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
16,7 %
1

Қолданыстағы