О признании утратившим силу решения Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 30 января 2018 года № 180/25-6 «Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в Целиноградском районе» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6403 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы А. Дюсебеков 2026 жылғы 20 шілде