О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 30 ноября 2018 года № 26/7-VI «О повышении ставок земельного налога по Глубоковскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VІ «Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 – бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VІ «Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-188 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 506 – бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемелері жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызына арттырылсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.